17Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОТЫРАРДА ТУРИСТІК КЛАСТЕР ДАМЫМАҚ

Сәрсенбі, 10 Тамыз 2016 04:09

 

Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады.

Қазіргі таңда елімізде Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлығына сәйкес туристік кластерлерді құру мен дамыту қолға алынуда.

Баршамызға мәлім «EXPO-2017» көрмесіне дайындық шаралары барысында Түркістан бағыты туристік орталықтың бірі болып белгіленіп отыр. Ал,

Түркістанға бет алған туристер Отырар арқылы өтетіні анық.

Жыл басынан бері аудан әкімі туризм кластерін дамыту мәселесін тынбай көтеріп, үнемі айтып келеді. Себебі ол ауданның тұрақты табыс көзі, жаңа жұмыс орындары мен бюджеттік кірістерін көбейтеді.

Осы бағытта біршама жұмыстар атқарылып, нәтижесінде облыс әкімдігімен Түркістан бағытында туризмді дамыту мәселелері қатарында Арыстанбаб пен Отырар қалашығы орындары да қоса қаралуда.

Кеше ауданымыздың тұралап тұрған туристік саласын дамыту мен ілгерілету жобаларымен танысуға облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр бастаған облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының басшылары мен мамандары келді.

Аудан әкімі Е.Айтаханов облыстық жұмысшы топты көне Отырар қалашығы мен Арыстанбаб кешенінде қолға алынатын жобалармен таныстырды.

Іссапар қорытындысы бойынша ауданның туризм индустриясын дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері туралы жиын өткізілді. Жиын барысында аудан әкімідігімен Отырар ауданының туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық нысандар жобасы таныстырылды.

Жобаның мақсаты - «EXPO-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі қарсаңында келуші туристердің ауданда болу жайлылығын қарастыру. Осы мақсатта жиында Батыс Еуропа — Батыс Қытай көлік дәлізінен Отырар ауданымен қилысатын тұстан жол бойында сервистік қызмет көрсету орындары, ауданда орналасқан туристік және әлеуметтік нысандарға бағыттайтын халықаралық стандарттарға сай сілтемелер орната отырып, туристік орындарда инжинерлік- коммуникациялық, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын жүзеге асыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Отырар ауданының туриситік әлеуетін көтеру мен ілгерілетуге арналған басқосу соңында ұсынылған жобалармен танысқан облыс әкімінің орынбасары Е.Сабыр қолдау білдіріп, туризм саласын дамытуға жауапты салалық басқарма басшыларына Отырар ауданы әкімдігімен бірлесіп жұмыс атқаруды тапсырды.

320 рет қаралды

Пікір жазу