"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ӘКІМ БОЛ, ХАЛҚЫҢА ЖАҚЫН БОЛ...

Сәрсенбі, 10 Тамыз 2016 04:12

 

ОҚО Бәйдібек ауданының әкімі Б.Көшербай  Шаян елді мекенін тұрғындарымен кездесті.  Кездесуге қоғамдық кеңестің мүшелері, ауылдық округтен сайланған маслихат депутаттары, ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауыл биі, еңбек ардагерлері, орталықтағы 56 көшенің өкілдері, бөлім, мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.  Кездесудің мақсаты аудан орталығы  Шаян елді мекенін көркейту- абаттандыру жұмыстарына байланысты  қосымша ұсыныс пікір алмасу болатын.

Аудан басшысы қазіргі таңдағы аудан орталығындағы  жүргізіліп  жатқан  жұмыстарға тоқталып, алдағы атқарылатын  жұмыстармен таныстырды.

Кездесуде 22 азамат өз пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойды.  Жиналған жұрттың басым көпшілігі  орталықта жүретін маршрут автобусы қойылса, бағдаршамдар орнатылса деген өтініштерін айтты.

Аудан әкімі Б.Көшербай азаматтардың ұсыныс пікірлерін тыңдай келе,  бұл мәселелер бойынша жан-жақты  зерделеп шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

Сонымен қатар, аудан әкімі Б. Көшербай осы елдімекен кәсіпкерлерімен де кездесіп, қордаланған мәселелерді талқылады. Кездесудегі негізгі мақсат елді мекен ішіндегі кәсіпкерлік бағытта пайдаланылып жатқан дүнгіршіктер мен сауда орталықтары, аптека, шаштараз, монша сынды жеке меншіктегі құрылыс нысандарының қас-келбетін ретке келтіру мәселесі  болатын.

Аудан әкімі жиналған кәсіпкерлерге қазіргі таңда аудан орталығындағы көшелер кеңейтіліп, аяқ жолдар салынып, 10 гүлзар, 10 арка, 10 автотұрақтын согылғанын және де балалар ойнайтын алаңнын жұмыстары қарқынды жүріп жатқандығын айтты.  Сол себебтен барлық кәсіпкерлер де атсалысып өз меншігін ретке келтіріп сырлау, әрлеу жұмыстарын жүргізсе деп пікірін білдірді. 

 

 

Кәсіпкерлер тарапынан Айтымбетов Ұлан қауіпсіздіктің алдын-алу мақсатында  әрбір азамат өз жекеменшік нысандарына бақылау камералар қойылса деген ұсынысын айтты.

Кездесу соңында кәсіпкерлер айтылған пікірлер мен ұсыныстардың орынды екенін және қазан айына дейін  барлық  жекеменшік нысан сәулетін біркелбетті етіп, бақылау камераларын қоятын болып тарқасты.

239 рет қаралды

Пікір жазу