27Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ

Сәрсенбі, 10 Тамыз 2016 05:45

 

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары, аудандық мәслихаттың депутаттары, жергілікті полиция қызметкерлері, ауыл әкімшілігі мамандары мен бірлесіп, ауылдық округтегі жауын-шашын кезінде қауіп келтіретін каналдарды, өзендерді және Көлкент көлі аумақтарын көріп шықты.

Атап айтқанда:
Ханқорған ауылындағы «Қазақарық» каналын  механикалық тазалау жұмыстары.

Шапырашты елді мекені жанынан өтетін «Ақсу» өзенінің су шайып өткен жағалауларының арнасын бұру жұмыстарын жоспарлау.
«Көлкент» көлі аумағындағы демалыс орындарындағы  демалушылармен кездесіп, суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын түсіндіру.

Ауылдық округ тұрғындарымен кездесу өткізіліп, өрт қауіптілігінің алдын алу, жылу маусымына дейін тұрғын үйлердегі пеш құбырларын тазалау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Ауылдық округ бойынша аптаның әр жұма күні санитарлық тазалау жұмыстарын өткізу туралы  түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп, 05.08.2016 жылы «Жаса-4» ЖШС тарапынан 13,5 тонна ал, «Көлкент» СТК-сы тарапынан 9,7 тонна күл-қоқысты  4 техника тасымалдау жұмыстарымен айналысты.

Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды Сайрам аудандық «Ел-нур» телеарнасы арқылы видеотүсірілімдер жүргізілді. Аталмыш ақпарат құралы арқылы Сайрам ауданының халқына арнайы репортаж етіп көрсету ұсынылды.

215 рет қаралды

Пікір жазу