15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШАРДАРА ДИҚАНДАРЫ ТАБЫСТЫ

Сәрсенбі, 10 Тамыз 2016 05:49

 

Бау-бақ өсірушілердің көңілдері тоқ. Шардара ауданы бойынша биылғы жылы 59335 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары егілді. Соның ішінде 10 836,4 гектар алқапқа бау-бақша дақылдары орналастырылды. Әсіресе, күннің көзі жылынысымен егістік алқапқа  шығып кеткен диқандар қауымы қауын-қарбыз секілді ерте пісетін өнімдерін пұлдап үлгерді.

Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің мәліметіне сәйкес, бүгінгі таңға дейін шардаралық шаруалардың 3338 гектар егіс алқабынан 83450 тонна қауын-қарбыз сатылымға шығарылған. Мұның ішінде 50 000 тоннасы Ресей мемлекетіне жіберілсе, қалғаны өзіміздің солтүстік облыстарға жөнелтілді.

Мамандардың есебі бойынша гектарынан орташа 250 центнерден өнім алған аудан диқандарының көңілдері тоқ деп айтуға болады. Бау-бақша өнімдерінің басым бөлігі енді пісіп жатқанын ескерсек, бұл көрсеткіш күн сайын арта түсетіні белгілі. Қазірдің өзінде мол өнім диқандарды табысқа кенелтіп жатыр.

Шардара ауданы экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайды. 65 мың гектар суармалы жерде мақта, көкөніс, жеміс және бақша мәдениеті өсіріліп келеді.  халықтың көп бөлігі Қазақстан қарбыздарының отаны Шардара деп біледі. Аудан бойынша ауылшаруашылығының өнімінің 54% мақта шаруашылығы құрайды. Сондай-ақ, ауданда мал шаруашылығы мен  балық шаруашылығы да дамыған.

 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

263 рет қаралды

Пікір жазу