14Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ТОЛЫҚТАЙ ОРЫНДАЛДЫ

Сәрсенбі, 10 Тамыз 2016 05:51

 

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында үшжақты келісімде көрсетілгендей ауылшаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары толықтай орындалды. Бұл туралы аудандық ауыл шаруашылық және жер қатынастар бөлімінің басшысы Әубәкір Сахиұлы жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында хабарлады.

Мәселен, 2016 жылы «Сыбаға» бағдарламалар бойынша 1500 бас мүйізді ірі қара малын асылдандыру көзделген. 7 айдың қортындысымен меже 1538 орындалып 102% құрап отыр. Сол сияқты «Алтын асық» бағдарламасының тапсырмасы 2000 бас болса, бүгінде 2230 басқа, яғни 111% орындалды.  Ал, мемлекеттік «Құлан» бағдарламасы 300 бас болып бектілсе, қазіргі таңда 101% құрап отыр.

 

 

«Биылғы межені орындалды, дегенмен мұнымен тоқталып қалмаймыз.  Мал басын асылдандырамен деп ниет еткен шаруалармен жұмыстар жүргізіле береді», - дейді ауыл шаурашылық және жер қатынастар бөлімінің басшысы Ә. Сахиұлы.

«Агробизнес – 2020» 2013-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы бойынша салалық бағдарлама   республикамызда 2013 жылдан жүзеге асырылуда, ол етті бағыттағы мал шаруашылығының дамуы,оның экспорттық әлеуетін арттыруы бойынша бірнеше басым бағыттардан тұрады.

Аграрлық несиелеу корпорациясы» АҚ қарыз бойынша сыйақы төлеу мөлшерлемесі аймақтарда субсидиялау мүмкіндігін «Алтын асық» бағдарламасы бойынша әлеуеттік қарызгерлерді несиелеуді қолға алды.

Бағдарламаның мақсаты – етті және етті-майлы бағыттағы ҰМ тауарлы табын санынының өсуін қамтамасыз ету. Бағдарлама тікелей қой шаруашылығы саласындағы малдың өнімділігін арттырумен айналысатын фермерлерді қолдауға бағытталған.

«Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы шаруашылығының дамуын несиелеу;
Жайлымдарды суландыру инфрақұрылым құрылысын несиелеу көзделген.

«Сыбаға» - етті тұқымды жас төлдің ұдайы өндірісі үшін ІҚМ аналық басын және асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алуға АӨК субъектілерін кредиттеу бағдарламасы

Бағдарлама мақсаты: етті бағыттағы ірі қара малдың тауарлық табынының санын ұлғайтуды қамтамасыз ету.

368 рет қаралды

Пікір жазу