"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖИЫН-ТЕРІН НАУҚАНЫ ҚЫЗДЫ

Сәрсенбі, 10 Тамыз 2016 05:55

 

ОҚО-ның Төле би ауданында ауыл шаруашылығы дихандарының жиын терім науқаны басталып кетті. Биылғы жылы егістік көлемі 19859 га бидай  арпа дақылдары егілді. Шаруалар бүгінгі күнге дейін бидай 12747 га, арпа 7112 га егістік орылды, 42,8 пайызға орындалып,  яғни былтырғы жылға қарағанда шаруалар үшін өнімнің түсімі 23,5 пайызға артқан. Әлі орылмаған бидай 12347 га, арпа 2612 жиналу үстінде.

Егін орағын толығымен жинап алу үшін казіргі заманғы техникалар жұмылдырылған, астық оратын комбайындар -75 бірлік, тасымалдаушы техника жүк автокөліктері-153 бірлік,  трактор тіркемелері -103 бірлік. Өртке қарсы К-700 А, К-701 -21 брлік және МТЗ техникаларының барлық маркасы-27 бірлік техникаларымен қамтамасыз етілген.

Жалпы алғанда биыл Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі бұған дейінгі жылдармен салыстырғанда 4700 гектарға артып, егіс көлемі 780,5 мың гектар (2015 жылы 775,8 мың га) алқапқа жетті.

 

МӘЛІМЕТКЕ:

Төлеби ауданы егістік ландшафттарының жалпы жер көлемі 76134 га, ол жалпы ауданның жер көлемінен 24,1%, ал ауыл шаруашылық жер көлемінен 53,9 % құрайды. Таулы жер бедері егістік кешендердің жер көлемін шектейді. Агроландшафттар басым суғарылмайтын егістіктер, бидай, жоңышқа. Тау беткейлері жайылым кешендері ретінде пайдалануда.

223 рет қаралды

Пікір жазу