"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

КЕНТАУДА ЕРЕКШЕ ЖОБА

Сәрсенбі, 10 Тамыз 2016 17:34

 

Бүгінгі таңда Кентау қаласы индустриалды аймағында тағы бір жобаның іргетасы қалануда. Жеке кәсіпкер Ермек Әуезов «Оттекті өңдеп шығаруды ұйымдастыру» жобасы бойынша жаңа цехтың құрылысын бастады. Жоба құны 45 млн. болатын өндіріс орнында жылына 25500 дана оттек баллонын толтыру көзделуде.

Жаңа цехқа бөлінген жер телімі 0,25 га. Қаражат мәселесі екінші деңгейлі банк «Сбербанк» АҚ арқылы шешілуде.

2017 жылы пайдалануға берілетін цех толық қуаттылыққа шығып, іске қосылғанда 10 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Айта кетейік, бүгінде аумағы 25 гектарды құрайтын Кентау қаласының индустриалды аймағында мұнан бөлек, 4 жоба бар. Оның екеуі трансформаторға қажетті құрылғыларды шығарумен және асфальт-бетон қоспасын өндірумен айналысса, қалған екі жобаның құрылысы жүргізіліп жатыр. Олар іске қосылғанда Кентауда трансформатор бөлшектерін шығару және бентонит ұнтағын өндіру зауыттары іске қосылатын болады.

Соңғы жылдарда ОҚО –да «Өңірлерді дамыту -2020» және «Моноқалаларды дамыту- 2020» сияқты бағдарламалар нәтижесінде, көптеген өндірісі тоқтап қалған шағын қалалардың тамырына қан жүгіре бастады. Соның дәлелі – Кентау қаласындағы индустрияландыру жұмыстарының қарқыны деуге болады.

Жұмыссыздық мәселесі біртіндеп шешімін тауып та жатыр. Сонымен Кентаудың жаңа жобасы индустриалды аймақты тағы бір өндірістік әлеуетке арттырмақ деуге болады.

 

Кентау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

326 рет қаралды

Пікір жазу