"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

КЕДЕНДІК РЕСІМДЕУ ҚАЛАЙ ЖЕҢІЛДЕТІЛМЕК? ...

Сәрсенбі, 10 Тамыз 2016 17:36

 

Шымкенттегі «Шымкент» Кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінде семинар-кеңес болып өтті. Алқалы жиында кедендік тазарту мен кедендік операцияларды жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі сөз болды. Кеденшілер кәсіпкерлермен бірге Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне ортақ кеден кодексін талдап, негізгі талаптарын түсіндіріп берді.

Еліміздің  кеден  бекеттерінде   енді  ветеринарлық,  фитосанитарлық  қадағалау қызметінің мамандары отыратын  болады. Сырт елдерден  импортталатын тауарлар  мемлекеттік бақылаудан  өтетін болса,  қызмет сол бақылау  кеден бекетінде  көрсетіледі.  Бұрынғыдай ұзын арқан, кең тұсау,  қағазбастылық   азаяды.   Бақылау  уақыты  қысқаратын  болады,- дейді мамандар.  Мәселен,  бұдан алдын кәсіпкерлер  кеден  бекетінен өту  үшін  10 күнін сарп етсе, енді  жаңа ережеге  сай  оның уақыты 4 немесе  8 сағатқа созылуы мүмкін. Семинар-кеңесте кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауап алды.  Ұсыныс пікірлерін де білдірді.

Ғалымжан Аязов, облыстық  кірістер  департаменті  кедендік бақылау басқармасы басшысының  міндетін  атқарушы
-Негізінен кәсіпкерлер рұқсат қағаздарының санын азайту  жөнінде  өз ұсыныстарын айтып жатыр. Оны біз жоғары жаққа жеткізетін   боламыз. Бұл бағытта жұмыс жасаймыз.

Сонымен, кедендік рәсімдеу жұмыстары бұрынғымен салыстырғанда едәуір жеңілдеген түрі бар.

364 рет қаралды
Осы категориядағы басқа материалдар: « МАҚТАДАН ТҮСІМ МОЛ ЖЕР ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫ АРТТЫРЫЛУДА »

Пікір жазу