13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖЕР ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫ АРТТЫРЫЛУДА

Сәрсенбі, 10 Тамыз 2016 17:39

 

Отырарлық шаруалар жердің құнарлылығын арттырып, өнім көлемін ұлғайтуда тынбай еңбек етіп келеді. Аудан көлеміндегі 12 мың гектар жердің тұздануына байланысты жергілікті билік топырақ эрозиясының алдын алу шараларын жүргізуде. Арнайы мамандар шақыртып, мемлекеттен көмек тартуда.

Облыс көлемінде 566 мың гектар суармалы жер бар. Оның 462 мыңын егін шаруашылығы мақсатында пайдалансақ, 123 мың гектар жер қараусыз жатыр. Әу бастан жүгері өндірумен ерекшеленген отырарлықтар үшін соңғы уақытта судың тартылып, жердің тұздануы үлкен қиындық туғызуда. 

Қасымбек Серікбай,  «Азия Агро ГРУХ» ЖШС-нің басшысы

Алдымыздағы мақсат – мол өнім алу. Орта есеппен алғанда  гектарына 100-120 центнер аламыз. Бүгінгі өткізіліп отырған семинар барлық ғылыми-институттардың мамандарымен ақылдаса отырып, осы жерлеріміздің жағдайын жақсартуды қарастырып отырмыз.

Күрделенген шаруаның күрмеуін шешуде жергілікті билік белсенді. Арнайы семинар өткізіп, шаруа қожалығы иелерін сала мамандарымен жүздестірді.

Серік Тұрбеков, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

Сондықтан үлкен жұмыс жасалып жатыр. Әрине, мынау суармалы жерлерді игеру үшін ирригациясыз жүйеге келтіруіміз керек. Ол каналдарды бетондап, суды жеткізетін жағдайға жткізіп, мынау суды үнемдеп, екінші жағынан дренажды қосу керек.

Бүгінде Отырарда 1000 гектар жерге жаңа технологияны игеру арқылы жүгері егілген. Өнім көлемі биыл жылдағыға қарағанда төмендеу. Еңбек өнімділігі мен сапаны арттыру үшін дренажды жүйені енгізу керек,-дейді мамандар. Ол үшін 368 шақырым жерді игерудің өзіне 2,2 миллиард қаржы қажет. 

Ерлан Айтаханов, Отырар ауданының әкімі

Жыл басынан біз тұрақты түрде осындай семинарлар өткізіп тұрамыз. Себебі, ауыл шаруашылығы саласы Отырар ауданының негізгі күн көрісінің көзі болып табылады.

Егістік алқабында өткен басқосуда шаруалар өздеріне қажетті мәліметтерге қанықты. Талай жылдан бері бас ауруына айналған су тапшылығының Арыс-Сырдария су қоймасының іске қосылумен түбегейлі шешілетіні де қуантып тастады.

507 рет қаралды

Пікір жазу