15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІЛЕР

Сәрсенбі, 10 Тамыз 2016 17:43

 

ОҚО-да 32 мекеме биылдыққа жұмысшыларына жалақы төлемеген. Олардың берешегі 505 млн. теңге төңірегінде. Қазір тиісті басқарма жұмысшылардың табан ақы, маңдай терімен тапқан еңбекақысын даулауға күш салуда. Әзірге қарыздардың 99% өтелді. Енді 2 мекемеден жалақы өндіру міндеті тұр.

Жаңа еңбек Кодексінің қабылдануымен азаматтардың еңбек қарым-қатынасы жөніндегі түсініктері тереңдеген.  2014 жылы бұл басқармаға арызын арқалап, 900 азамат келсе, былтырғы көрсеткіш тіптен өзгеше.  

Бастар Есқараев, облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың  басшысы

Өткен 2015 жылдың қорытындысы бойынша 2500 адам жүгінді. Яғни, бұл деген сөз біздің азаматтар өзінің еңбек құқығын қорғауға белсенділік танытып келе жатыр. Ал, осы көрсеткіштің биылдың 7 айында сараптама жасайтын болсақ, 1229 адам өзінің еңбек құқығын қорғау бойынша арызданған. Бұл орайда біз еңбек заңдылығын сақтауда үлкен жұмыстар жасауымыз керек.

Бас еңбек инспекторы күн тәртібінде ең өзекті мәселе - жалақы қарызы екенін айтады. Бірақ бұл да жылдан жылға оң шешімін тауып келеді. Ал, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы көпшілікке көмек екенін қарапайым халық енді біліп жатыр. Дей тұра, бұл бағытта түсіндіру жұмыстарын жетілдіру аса маңызды, - дейді.

Бастар Есқараев, облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың  басшысы

Біздің азаматтар әлі де болса, өзінің еңбек құқығын біле бермейді. 00:10:25/ Әрбір азамат өзінің еңбек құқығын білуі керек. Біз өркениетті еңбек заңнамасын сақтауына алдағы уақытта көшеміз. «Біз өркениетті еңбек заңдылықтарына көшуіміз керек» - деп  Елбасымыз осыдан 3-4 жыл бұрынғы өзінің еңбегінде осындай тапсырма берген. Сол үшін мұны халыққа дұрыс түсіндіруіміз қажет. Бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бүгінде оңтүстікте 127 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысандары бар. Ал, заңды тұлғалар сапында 30 мыңдай кәсіпорын жұмыс істейді.

Өндірісі өркендеген, халқының еңбек потенциалы жоғары өңірде биыл алғаш рет үлкен байқау ұйымдастырылады. Ол Еңбек күні қарсаңында өтеді.

514 рет қаралды

Пікір жазу