19Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

РИО-ДАН ЖЕҢІСТІ ҚАЙТҚАН ОҚО СПОРТШЫЛАРЫ

Сәрсенбі, 10 Тамыз 2016 17:46

 

Риода стенд атудан әлемнің ең үздік мергендері қатысқан әйелдер арасындағы трап жаттығудағы бәсекелестік аяқталды. Бұл жарыста ОҚО-ның республикалық олимпиадалық даярлау орталығының ауыспалы құрамдағы спортшысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мария Дмитренко 66 ұпаймен 8-ші орынды еншіледі.

Дүбірлі жарыста 21 елдің әрқайсысынан бірнеше спортшының қатысқанын ескерсек, бұл оңайлықпен келген нәтиже емес. Бүгін үздік ондыққа енген спортшыны оңтүстік жұрты салтанатты жағдайда қарсы алды.

Мария Дмитренко, Стенд ату спортынан халықаралық  дәрежедегі спорт  шебері

Бәрі өте қиын болды шынында да. Бірақ барымды салып тырыстым, әйтеуір сәттілік мен жақта болмады ма.... Жеңіске жетуіме уайым бөгет болдыма білмеймін,, жеңе алмадым. Бар жоғы бір ұпай жетпей қалды. Енді алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Барлық қателіктерді ескеріп, келесі олимпиадада жеңіске жетуге тырысамын.

Құралайды көзге атқан мерген ретінде чемпион атағын австралиялық Кэтрин Скиннер алса, күмісті жаңазеландиялық Наталия Руни қанжығалады. Қола американдық Кори Когделлге бұйырды. Дегенмен, Марияның әлемді бағындырған үздік мергендердің бірқатарын басып озғанын атап өткіміз келеді.

Олардың ішінде 2008 жылғы Олимпиада чемпионы және әлемнің 5 дүркін чемпионы Макела-Нумелла Сату, әлемнің  3 дүркін чемпионы Перилли Алессандра , әлем чемпионы Бассил Рей сынды спортшылар бар.

 

24

523 рет қаралды

Пікір жазу