13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

САРЫАҒАШ АУДАНЫН ҚАЙРАТ ӘБДУӘЛИЕВ БАСҚАРАДЫ

Сәрсенбі, 10 Тамыз 2016 17:50

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және Сарыағаш аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Сарыағаш ауданының әкімі болып Қайрат Аманкелдіұлы Әбдуәлиев тағайындалды.

Қ.А.Әбдуәлиев 1968 жылы туылған, білімі жоғары, ғалым агроном, заңгер.

Еңбек жолын 1986 жылы Түлкібас ауданы Киров атындағы колхозының «Алтын арай» жастар комсомол бригадасының шопаны ретінде бастаған.

Мемлекеттік қызметті өткеруді 1999 жылы Түлкібас ауданы әкімі аппараты аймақтық даму және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы лауазымында бастаған. 2001-2004 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті Түлкібас ауданының өкілі-бас маманы және төрағасы лауазымын атқарды.

2004-2010 жылдары аралығы ҚР АШМ Түлкібас аудандық аумақтық басқармасының бастығы, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бастығы, инспекция бастығының орынбасары және бастығы қызметтерін атқарған.

2010 жылдың наурыз айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының әкімі лауазымын атқарып келеді.
Сарыағаш ауданын осы уақытқа дейін басқарып келген Б.Парманов басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

 

МӘЛІМЕТКЕ: 
Сарыағаш ауданы 1939 жылы құрылған. Оңтүстiк Қазақстан облысының ең iрi аудандарының бiрi болып саналады. Қазiргi кезде 7613 шаршы километр аумағы бар ауданда 40-тан астам ұлт өкiлдерiнен құралған 311,3 мыңнан астам халық тұрады. Сарыағаш аудан әкімдігі 1992 жылы ақпан айында құрылған. Бүгінге ауданда 13 бөлім қызмет атқаруда. 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

542 рет қаралды

Пікір жазу