"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА «ЖАНҰЯ» ТОЛЫҚМЕТРАЖДЫ БЕЙНЕФИЛЬМІ ТҮСІРІЛУДЕ

Бейсенбі, 11 Тамыз 2016 08:41

 

Оңтүстік Қазақстанда «Жанұя» бейнефильмі түсірілуде.Толық метражды драмалық шығарма облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен «Оңтүстік жастары» жобасы аясында жасалып отыр.
Отбасылық құндылықтарды құрметтеу, ата-ана мен баланың қарым-қатынасын дұрыс жолға салу, қазіргі қоғамда орын алған отбасылық келеңсіздіктерді суреттеп, оған жол бермеуді көздейтін туындыда, керісінше үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, жалпы тәрбиелік ұғымдар насихатталмақ.

Бейнетуындының режиссеры көпшілікке танымал Серік Таласов. Жалпы түсірілім Шымкент қаласында өтуде.

Бейнефильмнің басты рөлдерін Қазақ киносының танымал актерлары Ержан Жарылқасын (Елбасы жайында «Менің балалық шағымның аспаны» к/ф-гі Әбіш әкейдің жас кезі, «Астанаға көктем кеш келеді» к/ф, т.б), Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық драма театрының актрисасы Ақмарал Маханова,

«Шаншар» әзіл-оспақ театрының әртісі Ғалымжан Қалыбаев, жастар арасында танымал болып үлгерген Оңтүстіктің тумасы актер Олжас Бекбауов сомдайтын болады. Сонымен қатар, фильмнің кейбір түсірілімдеріне тамыз айының басында кастингке қатысып, актерлік қабілетін көрсете білген бірқатар азаматтар қатыспақ.
ОҚО мұндай фильмдер түсіруді бірінші рет қолға алып отырған жоқ.


ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

345 рет қаралды

Пікір жазу