14Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШАРДАРАДА БАЛЫҚ ӨСІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жұма, 12 Тамыз 2016 04:43

 

Шардарада біраз жылдан бері жұмысын тоқтатып тұрған балық өсіру тәлімбағы биылдан бастап қайта іске қосылды. Ауданда балық шаруашылығын дамыту мақсатында ашылған «Шардара балық питомнигі» ЖШС-нің мамандары таяуда Шардара су қоймасына шабақтар жібере бастады. Дәлірек айтатын болсақ, бүгінде жалпы аумағы 68,2 гектарды құрайтын тоған іске қосылып, 15,7 млн. дана балық балаңқұрттары (личинка) өсірілуде.

Бұдан бөлек, аудандағы «Тұран» шаруа қожалығы арнайы балық өсіретін орынның құрылысын дайындау үстінде. Қазіргі таңда онда орындарды қазу, құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге, ауданнан жеке кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен пилоттық жоба ретінде Шардара су қоймасы аумағынан балықты торлы шарбақта өсіру шаруашылығын (садковое выращивание) қолға алу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. 2014 жылы осынау торлы шарбақта сынақ ретінде 15 тонна балық өсірілсе, былтырғы жылы жыл 300 тонна шабақ өсірілді. Су қоймасындағы торлы шарбақта келешекте 3000-4000 тонна көлемінде балық өндіру жоспарланып отыр.

Айта кету керек, бүгінгі таңда Шардара ауданында екі балық өңдеу зауыты жұмыс істеп келеді. Соның бірі – жылына 2500 тонна балық өңдеумен айналысатын «Хамит» СТК балық өңдеу зауыты. Аталмыш кәсіпорын базасында филе, кептірілген, тұздалған балықты өңдеу және дайындау, қалдықсыз өндірісті қолға алу мақсатында балық сүйегінен ұнтақталған жем дайындау цехтары жұмыс жасауда.

Жылына 1000 тонна мұздатылған және ысталған балық, филе өнімдерін шығаратын «Шардара – Балық-1» балық өңдеу зауытында 70 адам жұмыс жасайды.

Мұнан бөлек, жыл соңына дейін Шардарада тағы да жаңадан екі балық зауыты іске қосылмақ. «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы» аясында салынып жатқан жеке кәсіпкер «Жалғасбаев Т» және «Саодат» ЖШС-і жылына әрқайсысы 600 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр.

 

 

Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

331 рет қаралды

Пікір жазу