11Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

МҮЛІКТІ ЖАРИЯЛАУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

Жұма, 12 Тамыз 2016 04:47

 

Түркістан қаласында мүлікті жариялау науқаны қарқын алған. Күні бүгінге дейін әкімшілік жанынан құрылған арнайы комиссияға келушілердің қарасы қалың. Аймақта салықтың өзге де түрлерін өндіруде атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Халықтың мемлекет берешегін өтеуге қатысты сауаттылығы да артып отыр.

Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік Кірістер басқармасы 2016 жылдың I жартыжылдығына 2 млрд. 248 млн. теңге ел қазынасына түсуі керек деп жоспарлаған. Бұл көрсеткіш 116,1 пайызға артығымен орындалды. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, 532 млн. 600 мың теңге артық түсті.

Өсім 125,6 пайызды құрады, - дейді сала мамандары.

 

Абай Адыршаев, Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының орынбасары

Осы қаламыздың бюджетін толтыру мақсатында бюджетке әрбір жиналған салық қаламыздың мәдени көркеюіне, өркендеуіне, өсуіне, мектеп салынуына үлкен ықпалын тигізуде.

Ал, мүлікті жария ету акциясы аясында қалалық атқарушы  органдарға 165 нысанның мүлкін жария ету бойынша өтініш қабылданып, 100-і қанағаттандырылған. Жарияланған  мүліктердің жалпы құны – 2221,6 млн. теңге. Жергілікті тұрғындар тарапынан шет елдердегі мүлкін жария ету бойынша өтініштер келіп түспеген.

 

Абай Қайқыбаев , Түркістан қалалық әкімдігі заң бөлімінің бас маманы

Бұл меншікті жария ету науқаны 2016 жылдың соңына дейін созылады. 2014 пен 2016 жылдардың арасында жүргізілуде. Және жылжымайтын мүліктерді заңдастыруға өтініш қабылдау 30-шы қарашаға дейін қабылданады. Бұл өтініш қабылданғаннан кейін жария ету комиссия 30 күнде жауап беруге міндетті.

Сонымен қатар, ақша жария ету жөнінде  8 декларация қабылданып, 143,8 млн. теңге жарияланған. Келер жылдан бастап, қазақстандық әрбір азаматтың кіріс және шығыс жөніндегі декларация толтыратынан ескере отырып, сала мамандары тұрғындарды мемлекет көрсеткен көмек аясынан тыс қалмауға шақырады. Өз мүлкіңізді жария етуге сіз де асығыңыз!

342 рет қаралды

Пікір жазу