17Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ДАУ ШЕШУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ...

Сенбі, 13 Тамыз 2016 05:47

 

Дауды бітімгершілікпен шешу тиімділігін дәлелдеп келеді.

Сарыағаш ауданында медиация күніне орай республикалық акция болып өтті. Тараптарды бітімгершілікке жетелейтін басқосуда елімізде 2011 жылы қабылданған Медиация заңы туралы кеңінен талқыланды.

«Медиация» сөзінің төркіні  латын тілінен аударғанда, «бітімгер» деген мағынаны білдіреді. Ал, бітімгершілік ісі сот отырысында// елімізде соңғы 5 жылда// кеңінен қолдануда. Түсіндіре кетсек, медиация процесі  дауласушы тараптардың ісін сотқа жеткізбей-ақ, сала мамандарының көмегімен шешуге септігін тигізеді. Жиын барысында қатысушылар осы заңның қолданылуы туралы оңды ой-пікірлерін айтты. Аудандық сот төрағасы Тасболат Машрапов тағы бірқатар судьялар келелі отырыста бұл іске жергілікті тұрғындардың да мүдделілік танытуы маңызды екенін айтты. Аталмыш Заң аясында Сарыағаш ауданында соңғы 7 айдың ішінде 35 іс бітімгершілікпен шешілген.

Тасболат Машрапов – Сарыағаш аудандық сотының төрағасы

 

 

Бұл дауды шешуге болады. Оны сотпен де шешуге болады. Бірақ тараптардың арасында бір-біріне деген ұғым қалады. Біреуі жеңілдім десе, біреуі жеңдім,- дейді. Тиімді жақтарын айта берсек көп. Қыстың аязы мен жаздың ыстығында соттасып жүргенше, сол тараптар жұмыс істегені дұрыс.

Отбасыларын асыраған тиімдірек.

374 рет қаралды

Пікір жазу