"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО –ДА ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛУДА

Жұма, 19 Тамыз 2016 17:33

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысында халыққа ұсынылатын қызметтер оңтайландырылуда. Ендігі жерде тұрғындар денсаулық сақтау саласындағы наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдарынан алатын анықтаманы алысқа шабылмай бір жерден алу мүмкіндігіне ие болып отыр. Яғни, бұл екі қызмет түрін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін болады.

Облыс әкімінің аппарат басшысы Е.Әлімқұлов орталыққа арнайы барып, аталған қызмет түрінің жүргізілу тәртібін танысты.

Онда ол Елбасының «100 нақты» қадам Ұлт жоспарындағы «Ашық үкімет» жобасы аясында мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында жүзеге асырылып отырғанын айтты.

Сонымен қатар, облыста осы жоба аясында облыс әкімінің бастамасымен «Ашық әкімдік» жобасы енгізілуде.
Бүгінгі таңда аталған екі қызметті ұсынушылар корпорация ғимаратына орналастырып, бүкіл материалдық, техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Қызмет алушылардың легін реттеу мақсатында электронды кезек жүйесіне енгізілді. Халыққа қол жетімділікті ұсыну «Ашық әкімдік» жобасының қағидасы.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бектілген 174 мемлекеттік қызмет көрсету түрі болса, оның ішінде 171 түрі халыққа қызмет көрсету орталығы мен мелекеттік органдар арқылы ұсынылады.

Айта кету керек, «Әлеуметтік қорғау, жер қатынастары, мүлікті рәсімдеу саласында қызмет көрсететін басты РМК-дерді біріктіру арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру өтінімдерді қабылдап қана қоймай, және оларды өңдеу бойынша жұмысты орындауға мүмкіндік береді.

231 рет қаралды

Пікір жазу