"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА АЙ САЙЫН 1200-1400 ТОННА СҰЙЫҚ ГАЗ ҚАЖЕТ

Жұма, 19 Тамыз 2016 18:16

 

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы аумағын сұйылтылған мұнай газбен  және  жанар-жағармаймен қамтамасыз ету туралы брифинг өтті. Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тілегенов Нұрбай Мейрамбекұлы мәлімдеуінше, Жамбыл облысы  ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газы әр ай сайын 1100 -1300 тонна көлемде бөлінеді. Бұл көлемдер 5 аккредиттелген

«ТаразГазТерминал» ЖШС, «Ауа-Жай» ЖШС, «Азия Оңтүстік Пром», «Арал Газ» ЖШС және «Қызылорда Газ» ЖШС газ желісі ұйымдарына үйлестіріледі.

Ішкі нарыққа өндруші заводтарда  көтерме саудада сұйтылған мұнай газдың өткізу шекті бағасы ҚҚС-сыз  23 106,45 теңге тоннасына болып бекітілген, бұл бұйрық ағымдағы жылдың 26 шілдесінен бастап күшіне енді. Облыста тұтынушыларға сұйтылған мұнай газдың өткізу, сату бағасы    1 кг- 120 теңге, ( 1 л - 60 теңгеден)

- 2015-2016 жылдар аралығында облыс көлемінде тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтынушыларға көгілдір отын сататын  41 бекеттері ашылған және 2020 жылға дейін 60 бекетке жеткізу жоспарланған.  Жалпы облысқа әр ай сайын 1200-1400 тонна сұйытылған газ қажет. Оның ішінде 350-400 тонна облыстағы газдандырылмаған тұтынушыларға беріледі. 150-200 тонна өндірістік тұтынушыларға, 650-700 тонна газбен жүретін автокөліктерге босатылады. Облыста жалпы 215 445 автокөлік тіркелген. Оның  2875 газға ауыстырылған немесе  1,3 % -ды құрайды.  «ТаразГаз -Терминал» ЖШС 20 дана газ «Азимут» -6 дана, ЖШС «Ниет» -6 дана, «Гелиос ЖШС -4 дана, ЖШС «АНК» -3 дана, ЖШС «Ауа-Жай» -5 дана, «Арал газ» 2 дана, «Қызылорда газ» 2 дана Жалпы саны 48 дана, - деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, Жамбыл облысында жанар-жағар май бекеттерінде майдың барлық түрлері жеткілікті. 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тілегенов Нұрбай Мейрамбекұлы хабарлады.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ай сайынғы жанар жағармайды үлестіру, бойынша шілде айына облысқа  АИ-80- 2200 тонна, АИ-92 – 4500 тонна, дизель отыны - 4000 тонна бөлінген. Осы көлемдер облыс бойынша 27 операторларға үлестірілді. ҚР Үкіметі тарапынан  бөлінетін  егін жинау алқабына күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін арзандатылған  14000 тонна (шілде-4000 тонна, тамыз-5000 тонна, қыркүйек-5000 тонна) дизель отыны 10 аудан бойынша 6 аккредиттелген операторларға бөлінді.                           

- Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен арзандатылған дизельдік отынның бағасы тоннасына 95,421 теңге (1 литріне- 88 теңгені) құрайды. Шілде айына облысқа  4000 тонна дизельдік отын бөлінген. Осы бөлінген көлемнің  3871,4  тонна немесе   96,8 % игерілді. Тамыз айына 5000 тонна дизель отының жеткізу жоспарланған. Қазіргі таңда осы көлемнің 2935 тоннасы немесе 76% алынды. Осы алынған көлем аудандардағы шаруа қожалықтарына  үйлестірілуде,- деп қорытындылады басқарма басшысының орынбасары.

Атап өтерлік жайт, облыс бойынша бүгінгі күнге жанар- жағармайдың қоры:АИ-80 – 2110 тн, АИ-92 – 5330 тн және дизель отыны - 4140 тн.
Облыста 271 жанар-жағар май бекеттері жұмыс істейді және жанармайдың сатылым бағасы АИ-80 маркалы жанар-жағармай, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен шектеулі бағамен босатылуда. «Бағаларды мемелекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы энергетика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі №361 бұйрығына сәйкес, дизельдік отының бағасы Қазақстан Республикасы реттейтін мұнай өнімдері қатарынан шығарылды. Жанар-жағар май бекеттерінде майдың барлық түрлері жеткілікті.

АИ-80, АИ-92 және дизель отындарын сату бекеттеріндегі сатылым бағаларына мониторинг жүргізіледі, және облыс әкімі аппаратының қаржы-экономикалық және инфрақұрылымды дамыту бөліміне күнделікті ақпарат жолданады.

291 рет қаралды

Пікір жазу