11Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА БІЛІМ НЫСАНДАРЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛУДЕ

Жексенбі, 21 Тамыз 2016 10:03

 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Бекбатырова Жәмила Елеуқызы айтты.

Биыл Жамбыл облысының білім беру жүйесін дамытуға үлкен көңіл бөлініп отыр. Биылғы жылы облыстың білім мекемелерін қаржыландыруға – 90,2 млрд. теңге бөлінді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда  16,3%-ға артық. Облыста білім нысандарының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Тәуелсіздік алған жылдардан бері облыста 71 мектеп, 20 балабақша, 1 колледж, барлығы 92 білім нысаны салынып, пайдалануға берілді. Осы жылдар  ішінде  46 апатты,  8 үш ауысымды, 10  орын тапшылығы бар, 7 ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан мектептер мәселесі шешілді. Мемлекет басшысының 2014 жылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында берілген тапсырмаға сәйкес апатты және үш ауысымды мектептердің мәселелері  оң шешімін табуда. Ағымдағы жылы 19 білім нысанының құрылысын жүргізуге 6,4 млрд. теңге бөлінсе, оның ішінде 4 мектеп пен 3 балабақшаның құрылысы

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен салынуда. Жаңа оқу жылына 6 мектеп пен 5 балабақшаның құрылысы осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. 

 

 

Жыл басында апатты жағдайда тіркелген 11 мектептің 2-і жаңа құрылыс есебінен пайдалануға берілсе, 3 мектептің мәселесі 2017 жылы шешіледі, ал 6 мектептің мәселесі 2017-2018 жылдары кезең-кезеңімен шешіледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар үш ауысымды мектептердің мәселесі де басты назарда.

Жаңа оқу жылында үш ауысымды 2 мектептің құрылысы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қор есебінен беріледі. 1 мектептің құрылысы ағымдағы жылы Ұлттық қор есебінен басталып, 2017 жылы аяқталады. Қалған 2 мектептің жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Ағымдағы жылы 42 білім нысанын күрделі жөндеуден, 118 білім нысанын ағымдағы жөндеуден өткізуге 4 млрд 962  млн. 524 мың теңге бөлінді.
2015 жылы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың 1-ші кезеңі аяқталып, бағдарламада көзделген 5 мақсатты индикатор мен 19 көрсеткішке қол жеткізілді.

Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесін арттыру мақсатында нақты жұмыстар атқарылуда. Биылдың өзінде осы мақсатқа 6,4 млрд теңге бөлінді.

Өткен жылы – 1190 орын ашу жоспарланса, жоспар 2 есе артық орындалып, 14 балабақша, 7 шағын орталық ашылды.

Ал, жаңа оқу жылында 6 балабақша ашылып, 390 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылады. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 280 орындық 3 балабақша және жергілікті бюджеттен 140 орындық 2 балабақшаның құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

Мемлекеттік – жекеменшік әріптестік негізінде 2015 жылы – 980 орындық 10 балабақша ашылса, ағымдағы жылдың басынан бүгінгі күнге дейін 440 орындық 5 балабақша ашылды.

Сондай-ақ, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға, имиджін көтеруге, материалдық ынталандыруға ерекше көңіл бөлінуде.  2012 жылдан бастап 16 педагог

Республикалық «Үздік педагог» байқауында жеңімпаз атанып,1000 айлық көрсеткіш негізіндегі грантты иеленді.
2012 жылдан бүгінгі күнге дейін 22917 педагог білімдерін жетілдірді. Деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің айлық жалақыларына үстеме ақы  төлеу үшін 1 млрд 41 млн 69 мың теңге бөлінді.

Сонымен қатар, Жамбыл облысында жаңа оқу жылында оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету үшін 1 млрд 78 млн. теңге бөлінді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде білім басқармасының орынбасары Бекбатырова Жәмила Елеуқызымен облыс мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығы туралы брифингте  нақты атап айтты.

-Жаңа оқу жылында оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету - басты міндеттердің бірі. Осы мақсатқа  1 млрд 78 млн. теңге бөлінді.

Білім саласын қаржыландырудың өсуі, жасалған жағдайлар жыл өткен сайын өз нәтижесін беруде.

Өткен оқу жылында облыстың дарынды оқушылары халықаралық, дүниежүзілік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 68 медальды иемденсе, облыс оқушылары 5-ші жыл республикалық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша командалық 1-ші орынды, 4-ші жыл қатарынан республикалық ғылыми жарыстардың қорытындысы бойынша командалық бірінші орынды иеленуі – әрине облысымыз үшін үлкен абырой, әрі дарынды шәкірттердің Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына жасаған үлкен тартуы болды.

Әсіресе, дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат оқушыларының әлем олимпиадасында үлкен жетістіктерге ие болды.

Олар: Швейцарияның Цюрих қаласында физикадан өткен 47-ші дүниежүзілік олимпиаданың күміс жүлдегері Абрашұлы Айвар, математикадан Қытайдың Гонконг қаласында өткен 57-ші дүниежүзілік олимпиаданың қола жүлдегері Әбесбек Данияр, Вьетнамның Ханой қаласында биологиядан өткен 27-ші дүниежүзілік олимпиаданың қола медаль жүлдегерлері Отарбаев Данияр мен Назарбеков Әлішер.

Осындай талантты, дарынды жастар тек облыстың ғана емес, республиканың да мақтанышына айналып отыр .

Білім деңгейінің басты көрсеткіштерінің бірі – ҰБТ нәтижесі. Биылғы жылы жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесі. «Алтын белгіге» ұсынылған үміткерлердің басым бөлігінің өз білімдерін дәлелдеп, 120-дан жоғары балл алған бітірушілер үлесі артты, ҰБТ нәтижесі бойынша төмен нәтиже көрсеткен мектептер саны кеміді - деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, Жамбыл облысында  27 колледжде 26 мамандық бойынша 1951 білімгер дуальды оқытумен қамтылған.

Ұлт жоспары - «100 нақты қадамда» белгіленген білім саласындағы 5 қадамды жүзеге асыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде - деп хабарлады білім басқармасының орынбасары Бекбатырова Жәмила Елеуқызы.

76 қадамда берілген жаңартылған білім беру мазмұнына кезең-кезеңімен көшу тапсырмасына сәйкес өткен оқу жылында облыстағы 2 мектепте жаңа стандартқа сай әзірленген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері, оқу жоспарлары мен бағдарламалар сынақтан өткізілді. 1-сыныпқа сабақ беретін 3756 педагог жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

«...табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру» туралы тапсырмаға сәйкес   2014 жылдан бастап ең үздік білім беру ұйымына «Орта білім беретін үздік ұйым» атағын беру дәстүрге айналған.  Осы грантты иеленген 3 білім мекемесіне 800 еселенген айлық көрсеткіш негізінде облыс әкімінің гранты берілді.

Сондай-ақ, «Білім беру ұйымдары қызметтерінің тиімділігін бағалау» бойынша жүргізілген рейтингтің нәтижесінде ең жоғары көрсеткішке ие болған 3 білім мекемесінің үздік педагогтарына 500 000 теңгенің сертификаты берілді.

77-ші қадам бойынша елімізде жүзеге асырылатын инновациялық  жобаларды кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл политехникалық колледжі «Ең үздік 10 колледж» қатарына енгізілді.

Техникалық және кәсіптік-білімнің бәсекеге лайық ілгерілеп дамуы мемлекет, бизнес құрылымдарының және азаматтардың әлеуметтік жағдайына орасан серпін берері сөзсіз.

Бүгінгі күні облыста 27 колледжде 26 мамандық бойынша 1951 білімгер дуальды оқытумен қамтылған. Осы мақсатта 132 әлеуметтік серіктестермен 179 келісім-шарттар жасалды.

79-шы қадамға сәйкес жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу үшін 7 мектепте «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» іс-тәжірибесі трансляциялануда.

Облыста 3 мамандандырылған мектепте жаратылыстану–математика бағытындағы пәндер ағылшын тілінде жүргізілсе, жаңа оқу жылында 5 мектепте үш тілді оқытудың элементтері енгізілген элективті курстар жүргізілетін болады.

Ағымдағы жылы  1500 бала жазғы тіл үйрену мектебінде  ағылшын тілін үйрену курстарынан өтті.  Ал балалардың сабақтан тыс уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында  облыс оқушыларының 47,1%–ы қосымша біліммен қамтылған.Мектептен тыс білім беретін мекемелер желісі жыл сайын өсуде. 

Еліміз үшін дені сау, рухы таза ұрпақ өсіріп тәрбиелеу -  маңызды  мәселе. Осы орайда, мектеп, колледж оқушыларын бұқаралық спортқа тарту мақсатында ауқымды іс-шаралар атқарылды. Өткен оқу жылында 67 мыңға жуық оқушы 43 спорт түрінен түрлі деңгейдегі спорттық жарыстарға  қатысып, өздерінің шеберліктерін шыңдады.

2016 жылы мектеп пен колледж оқушылары арасында өткен республикалық 8-ші жазғы Спартакиадасында облыс командасы ІІІ орынды иеленді.

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖЕТІМ БАЛАЛАРҒА ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРІЛЕДІ

 

Жамбыл облысында соңғы 5 жылда тұрғын үйге мұқтаж 277 жетім балаға тұрғын үй берілді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес»,- деп баса айтқан болатын. Бұл тұрғыда ең маңызды міндеттердің бірі – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету. Облыста балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін отбасылық тәрбиеге беруді дамыту бойынша маңызды шаралар қабылданып, осы оқу жылында 10 отбасы үлгісіндегі балалар үйлері ашылды.

Соңғы 5 жылда тұрғын үйге мұқтаж 277 жетім балаға тұрғын үй беріліп,  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаншылыққа, қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиеге беру жұмыстары өз жалғасын табуда.

Білім беруді жаңғырту мен  инновациялық үрдістердің жалғасуына  ықпал етудегі маңызды фактордың бірі - мұғалімнің кәсіби шеберлігі арта түсті.
2012 жылдан бері 1536 педагог облыстық, 781 педагог республикалық, 18 педагог халықаралық байқауларда жеңімпаз атанды. Ұстаздардың біліктілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында 259 түрлі іс-шараға 20293 (86%) педагог қамтылды.

Жамбыл облысында жаңа  оқу жылында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыру бойынша облыстық білім басқармасының, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің,  облыстық үш тілде білім беретін дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің, колледж кітапханаларының іс-тәжірибелері республика көлемінде таратылды - деп мәлімдеді.

2015 жылы 4 білім мекемесі республикалық, халықаралық байқауларда жүлделі орындарды иеленді. 
Осылайша облыстағы білім беру ұйымдарының шығармашылық әлеуеті жыл сайын артып, білім саласы өркендеуде.


 

Жамбыл облысына ай сайын 1200-1400 тонна сұйық газ қажет

 

Бүгін  Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы аумағын сұйылтылған мұнай газбен  және  жанар-жағармаймен қамтамасыз ету туралы брифинг өтті. Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тілегенов Нұрбай Мейрамбекұлы мәлімдеуінше, Жамбыл облысы  ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газы әр ай сайын 1100 -1300 тонна көлемде бөлінеді. Бұл көлемдер 5 аккредиттелген «ТаразГазТерминал» ЖШС, «Ауа-Жай» ЖШС, «Азия Оңтүстік Пром», «Арал Газ» ЖШС және «Қызылорда Газ» ЖШС газ желісі ұйымдарына үйлестіріледі.

Ішкі нарыққа өндруші заводтарда  көтерме саудада сұйтылған мұнай газдың өткізу шекті бағасы ҚҚС-сыз  23 106,45 теңге тоннасына болып бекітілген, бұл бұйрық ағымдағы жылдың 26 шілдесінен бастап күшіне енді. Облыста тұтынушыларға сұйтылған мұнай газдың өткізу, сату бағасы    1 кг- 120 теңге, ( 1 л - 60 теңгеден)

- 2015-2016 жылдар аралығында облыс көлемінде тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтынушыларға көгілдір отын сататын  41 бекеттері ашылған және 2020 жылға дейін 60 бекетке жеткізу жоспарланған.  Жалпы облысқа әр ай сайын 1200-1400 тонна сұйытылған газ қажет. Оның ішінде 350-400 тонна облыстағы газдандырылмаған тұтынушыларға беріледі. 150-200 тонна өндірістік тұтынушыларға, 650-700 тонна газбен жүретін автокөліктерге босатылады. Облыста жалпы 215 445 автокөлік тіркелген. Оның  2875 газға ауыстырылған немесе  1,3 % -ды құрайды.  «ТаразГаз -Терминал» ЖШС 20 дана газ «Азимут» -6 дана, ЖШС «Ниет» -6 дана, «Гелиос ЖШС -4 дана, ЖШС «АНК» -3 дана, ЖШС «Ауа-Жай» -5 дана, «Арал газ» 2 дана, «Қызылорда газ» 2 дана Жалпы саны 48 дана, - деп атап өтті спикер.

Жамбыл облысында жанар-жағар май бекеттерінде майдың барлық түрлері жеткілікті

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тілегенов Нұрбай Мейрамбекұлы хабарлады.
Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ай сайынғы жанар жағармайды үлестіру, бойынша шілде айына облысқа  АИ-80- 2200 тонна, АИ-92 – 4500 тонна, дизель отыны - 4000 тонна бөлінген. Осы көлемдер облыс бойынша 27 операторларға үлестірілді. ҚР Үкіметі тарапынан  бөлінетін  егін жинау алқабына күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін арзандатылған  14000 тонна (шілде-4000 тонна, тамыз-5000 тонна, қыркүйек-5000 тонна) дизель отыны 10 аудан бойынша 6 аккредиттелген операторларға бөлінді.                           

- Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен арзандатылған дизельдік отынның бағасы тоннасына 95,421 теңге (1 литріне- 88 теңгені) құрайды. Шілде айына облысқа  4000 тонна дизельдік отын бөлінген. Осы бөлінген көлемнің  3871,4  тонна немесе   96,8 % игерілді. Тамыз айына 5000 тонна дизель отының жеткізу жоспарланған. Қазіргі таңда осы көлемнің 2935 тоннасы немесе 76% алынды. Осы алынған көлем аудандардағы шаруа қожалықтарына  үйлестірілуде,- деп қорытындылады басқарма басшысының орынбасары.

Атап өтерлік жайт, облыс бойынша бүгінгі күнге жанар- жағармайдың қоры:АИ-80 – 2110 тн, АИ-92 – 5330 тн және дизель отыны - 4140 тн.

Облыста 271 жанар-жағар май бекеттері жұмыс істейді және жанармайдың сатылым бағасы АИ-80 маркалы жанар-жағармай, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен шектеулі бағамен босатылуда. «Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы энергетика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі №361 бұйрығына сәйкес, дизельдік отының бағасы Қазақстан Республикасы реттейтін мұнай өнімдері қатарынан шығарылды. Жанар-жағар май бекеттерінде майдың барлық түрлері жеткілікті.

АИ-80, АИ-92 және дизель отындарын сату бекеттеріндегі сатылым бағаларына мониторинг жүргізіледі, және облыс әкімі аппаратының қаржы-экономикалық және инфрақұрылымды дамыту бөліміне күнделікті ақпарат жолданады.

346 рет қаралды

Пікір жазу