16Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҢТҮСТІКТЕ ҚАНША ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ? ...

Жексенбі, 21 Тамыз 2016 16:58

 

ОҚО-да Тәуелсіздік жылдары 400 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылған. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде «Тәуелсіздік жетістіктері» туралы брифинг берген облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар басқармасының басшысы Ә. Темірбаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, Тәуелсіздік алғаннан кейін облыс халқының саны артып, әлеуметтік жағдайы жыл сайын жақсарып келген. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында облыста 402 мың жаңа жұмыс орындары құрылған. Нәтижесінде, жұмыспен қамтылған халықтың саны 60%-ға өсіп, жұмыссыздық деңгейі 14,3 пайыздан 5,2 пайызға дейін төмендеген.

«2011 жылдан бастап жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлікті дамыту, кәсіптік даярлау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы облыста өз деңгейінде жүзеге асырылып келеді. Мәселен, 2011-2015 жылдары бағдарламаға бөлінген 51 млрд.теңгеден астам қаржы мақсатты игеріліп, 190 мыңнан астам азаматқа әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді.  Ал, осы жылы бағдарлама аясында 14,4 млрд.теңгеге 57 мыңнан астам азаматқа әлеуметтік көмек көрсету жоспарлануда»,-деді басқарма басшысы.

Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, өңірде 2011-2015 жылдар аралығында 36 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылып, оларға 14 619 адам немесе 40,5 пайызы жұмыспен қамту органдарының жолдамасы арқылы орналасқан.
Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған мұндай қамқорлық нәтижесінде өңірде жаңа жұмыс орындары жыл сайын қарқынды түрде ашыла бермек.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

313 рет қаралды

Пікір жазу