"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТҮРКІСТАНҒА САПАРЫ НЕСІМЕН МАҢЫЗДЫ?

Сейсенбі, 23 Тамыз 2016 07:39

 

ТҮРКІСТАНДА ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ХАЛЫҚПЕН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ақсақалдар алқасымен және зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесуге қатысқандар аймақтың экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуына қатысты мәселелерді талқылады.

Атап айтқанда, қолжетімді баспана үшін кезекте тұрғандарға арналған көпқабатты үйлердің құрылысы, халықты газбен жабдықтау және туризмді дамыту мәселелері қаралды. Азаматтардың қойған сұрақтарына ҚР мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары М. Құсайынов, ҚР ИДМ жауапты хатшысы З. Сағынов жауап берді.

Қазіргі таңда Түркістанда тұрғын үй кезегінде 3600 адам кезекте тұр. Әкімдік алдағы уақытта «Отырар» шағын ауданын салуды жоспарлап отыр. Бүгінде 8 үйдің құрылысы басталды. Олардың ішінде бес қабатты 4 үй «Қазақстан ипотекалық компаниясы» есебіне, тоғыз қабатты 2 үй (72 пәтер) «Отау құрылыс» есебіне, ал «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы арқылы 60 пәтерлі екі үй салынып жатыр. Жыл соңына дейін барлық 6 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, биыл ТКШ саласын модернизациялау аясында 22 үй жөндеуден өткізілді. Түркістанды газбен жабдықтау 2014 жылы басталып, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральді құбыр желісі бірінші кезекте пайдалануға берілді. Сол сияқты, күші сағатына 100 000 м³ құрайтын автоматтандырылған газ тарату станциясы және 2 газ бақылау нүктесі салынған. Алайда, өңір халқы толығымен газбен қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар, «Көне Түркістан» тұжырымдамасы аясында тарихи-мәдени туризмін дамыту мәселесі қозғалды. pm.kz

248 рет қаралды

Пікір жазу