15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

КӘРІМ МӘСІМОВ: ОҚО-НЫҢ АГРАРЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ

Сейсенбі, 23 Тамыз 2016 07:43

 

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында кәсіпкерлермен ауыл халқын микронесиелеу және жұмыспен қамту мәселелерін талқылады.

Соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында АӨК-нің барлық бағыттары бойынша тұрақты өсу байқалуда. Аймақтық Индустриаландыру картасының 165 жобасының 65% ауылдық жерлерге негізделген. Қазақстанда ауыл шаруашылығының негізгі көлемін жеке қосалқы шаруашылықтар шығарады (шамамен еттің 70% және сүттің 80%). Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тұтас бір проблемалар кешені кедергі келтіреді, өзекті мәселелердің ішінде несие қаражатының жетіспеушілігі және ауыл шаруашылығы шикізатын дайындау және жинаудың әлсіз дамыған жүйесі болып отыр.

Шағын бизнесті, оның ішінде шағын агроқұрылымдарды қолдау үшін елімізде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы жұмыс жасайды, оны жүзеге асыруға Үкімет баса назар аударады. 2016 жылы ЖҚЖК-2020 аясында Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл кәсіпкерлігін дамытуға микронесие беруге 7 237,5 млн теңге берілген. Бірінші жартыжылдықта бағдарламаның 736 қатысушысы заемдар алушылар болды, оның орташа мөлшері 2,6 млн теңгені құрады.

Премьер-Министрмен кездесуде аграрлық сектор өкілдері ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу және сақтауға, сондай-ақ көлік тарифтеріне қатысты мәселелерді көтерді. Бұдан өзге, ауыл шаруашылығын өңдеушілер сапалы шикізат тапшылығы жайлы айтты, соның кесірінен аймақтағы көптеген кәсіпорындар толық қуаттылықта жұмыс істей алмай отыр. Атап айтқанда, облыстағы сүт зауыттарының жүктемесі 81% (қуаттылығы 10,7 мың тонна 17 кәсіпорын), ет комбинаттарының – 73% (қуаттылығы 10,7 мың тонна 16 кәсіпорын). Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін өзекті мәселелер бойынша ауыл шаруашылығы вице-министрі Қ. Айтуғанов, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б. Нұрымбетов сөз сөйледі. Аймақта туындаған проблемаларды шешуге және отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көлік-логистикалық орталықтар ашу көмектесетіні атап өтілді.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Б. Атамқұловтың мәліметінше, қазіргі уақытта Шымкентте халықаралық стандарттар бойынша көлік-логистикалық орталық құрылысы бойынша жоба әзірленуде. Кешеннің жалпы ауданы 90 гектардан асады, мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға, орауға және жөнелтуге барлық жағдай жасалады. Осындай қоймаларды Мақтаарал және Сарыағаш аудандарында және Түркістанда салу жоспарланған.

АӨК өкілдерімен кездесулердің нәтижесін қорытындылай келе, Кәрім Мәсімов Оңтүстік Қазақстан облысының жоғары аграрлық әлеуетін атап өтті. Өңдеу кәсіпорындарының проблемаларын шешу үшін Премьер-Министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге кәсіпорындардың ұсыныстарын жинап, Үкіметке қарауға енгізуді тапсырды. pm.kz

299 рет қаралды

Пікір жазу