27Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШЫМКЕНТТЕ ОТЫН НАРЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сейсенбі, 23 Тамыз 2016 16:04

 

Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Кәрім Мәсімов «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС-не барды. Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртудың үкіметтік бағдарламасына енген ауқымды жобаны жүзеге асыру барысы туралы Премьер-Министрге кәсіпорын президенті Ц.Ши мен бірінші вице-президенті А. Тұрысбеков баяндады.

«Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және жөндеу» жобасы 2011 жылы басталды, барлық жұмыстарды 2017 жылдың соңында аяқтау жоспарланған. 2016 жылдың қаңтар-мамырында ШМӨЗ өндірген өнім көлемі ақшалай мәнде 22 млрд теңгеден асты. Жаңғыртудан кейін К5 экологиялық кластың (ЕАЭО елдеріндегі Еуро-5 баламасы) талаптарына сәйкес зауыт жоғары октанды бензин шығарады. Зауыттағы өңдеу қуаттылығы 90%-ға дейін тазарту тереңдігімен шикі мұнай 5,2-ден 6 млн тоннаға дейін өседі деп күтілуде.

Бүгінгі таңда Қазақстанда үш МӨЗ - Павлодар, Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жұмыс жасайды. Дегенмен, ішкі нарықтың сұранысын олар қамти алмайды. Отандық отын-энергетикалық нарықты дамыту мәселелеріне Үкімет Елбасының тапсырмасы бойынша ерекше көңіл бөледі.

Өңірлерге жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Павлодардағы және Атыраудағы МӨЗ-на барып, Қазақстан үшін маңызды өндірісті жаңғырту және жөндеу барысымен танысты. Бұдан өзге, Атырауда Кәрім Мәсімов отандық мұнай сервисінің өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр екі жұмыс тобын құруды тапсырды, олар бір айлық мерзімде өзекті мәселелерді жинақтап, оларды шешудің нақты ұсыныстарын әзірлеулері тиіс.

Қазақстанның барлық үш МӨЗ-ын жаңғырту 2018 жылға қарай ҚР автокөлік отыны нарығында импорт алмастыруды қамтамасыз етеді.pm.kz

205 рет қаралды

Пікір жазу