"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ

Сейсенбі, 23 Тамыз 2016 17:07

 

Жамбыл облысына жұмыс сапарының барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Жамбыл облысындағы АӨК-тің озық технологияларымен танысты. Ол
«Гамбург» шаруа қожалығының жұмысын көріп  аралады, деп хабарлады  www.pm.kz.

«Гамбург» ЖШС директоры Е.Кохтың мәлімдеуінше, шаруа қожалығының қарамағында 2500 га жер бар, мұнда ірі қара мал жайылып, жемшөп дақылдары өсіріледі.

Шаруашылық күн сайын Бурный ірімшік зауытына 10 тонна сүт жеткізеді. Сонымен қатар, республиканың өзге де өңірлерінен нарыққа жоғарғы сапалы ет-сүт өнімдері жеткізіледі.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу - шаруашылықтың жалғыз бағыты емес. Қазіргі таңда ЖШС ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын іске асыру бойынша жобаны жүзеге асыруда.

Шаруа қожалығы алқаптарында Премьер-Министрді суару жүйесінің қағидаларымен таныстырды. Жамбыл облысы жыл сайын жаз мезгілінде суармалы судың жетіспеушілігінен қиындық көреді, сондықтан жоғары тиімді технологияны жүзеге асыру тәжірибесі өңір шаруалары үшін өте маңызды.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары А.Нұралиевтің мәліметі бойынша, өңірде Жамбыл облысының негізгі жалпы өңірлік өнімін өнеркәсіп салалары құрайды (шамамен 23%) және ауыл шаруашылығы (21%). Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер өңірді сиыр еті бойынша 150%, қой еті бойынша 170% қамтамасыз етеді.

Өңірдің АӨК даму перспективасы мен нәтижесі туралы Премьер-Министрге «Луговой жылқы зауыты» ЖШС директоры Х.Базаралиев, «Оңтүстік халал тағамдары» ЖШС директоры Н.Ахметов, «Шәушен» шаруа қожалығының жетекшісі С.Дөненбаев баяндама жасады.

Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, өңірде 17,9 мың ірі қараға арналған 23 бордақылау алаңы жұмыс істейді. Малайзия және Жаңа Зеландия кәсіпкерлерімен бірге Мерке ауданында 3 мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын салу жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Мойынқұм ауданында үш мың бас малға және бес мың бас етті ірі қараға арналған бордақылау алаңын салу жүзеге асырылып жатыр. «Ырыс» бағдарламасы аясында өңірде 12 сүт өнімдері фермасы салынуда. Мерке ауданында сүт кластерін дамытуға бағытталған 40 шаруашылықтан құралған «Мерке өнімдері» алғашқы ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Өңірге жалпы құны 6,5 млрд теңгені құрайтын мал және құс етін өндіру және өңдеу үшін 5 ірі инвестор жұмылдырылды.

2015 жылы Жамбыл облысы АӨК қолдау үшін 7,8 млрд теңге бөлінді.

Мемлекет кәсіпкерлерге қаржылай және қаржылай емес көмек көрсетеді. Қазақстанда ШОБ кешенді қолдау құралдарының бірі «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру барысында құрылған «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы саналады.

Бағдарлама өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға және қолданыстағыларына қолдау көрсетуге бағытталған.

2016 жылы БЖК-2020 бағдарламасын жүзеге асыру аясында шамамен 155 млрд теңге салық түседі деп жоспарланып отыр, елімізде кем дегенде 25 мың жұмыс орны құрылып, сақталады.

318 рет қаралды

Пікір жазу