27Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бейсенбі, 25 Тамыз 2016 16:26

 

Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі мен «Бізбен бірге» еріктілер мектебінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өтті. 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін республикалық «Мектепке жол» акциясы биыл тоғызыншы жыл жалғасуда. Іс-шараның басты мақсаты Елбасының оқушылардың мектепке дайындығын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес, көп балалы отбасылар, жетім, жартылай жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқор болып, олардың әлеуметтік себептер салдарынан мектепке бара алмауынан алдын алу болып табылады. Жалпы, статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облысымызда әлеуметтік көмекке мұқтаж 15 934 жас есепке алынған. Осыған орай, «Бізбен бірге» еріктілері Достық,Чапаевка және Қайнар бұлақ шағын ауданында тұратын 50 -ден аса түрлі жағдайдағы көп балалы және жартылай жетім отбасыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етіп көмек көрсетті.

 

 

Ал,  1 қыркүйек – білім күні қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы  Ассамблеясы «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасын ұйымдастырады. Акция аясында «Алтын адам» отандық тігін фабрикасы Арыс қаласында орналасқан Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылындағы "Бәйтерек" жанұясының тәрбиеленушілеріне мектеп формасын тегін тарту етті. Отандық брендтің сапалы киімін киген балалар демеушілерге ризашылығын білдірді. Айта  кету керек, ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы аталмыш балалар үйінде қайырымдылық шараларын тұрақты  ұйымдастарып келеді. Жуырда облысымыздағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары бүлдіршіндерге арнап қазақ дастарханын жайса, облыс әкімі аппаратының  «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлері балаларды  «Фиркан сити» сауда-ойын-сауық орталығына  алып келіп, көңілді  күн сыйлады.

284 рет қаралды

Пікір жазу