11Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҢТҮСТІКТЕ МАҚСАРЫ ОРУ БАСТАЛДЫ

Бейсенбі, 25 Тамыз 2016 16:38

 

Сайрам ауданындағы шаруалар мақсарыға орақ салды. Биыл сәуір айында себілген мақсары бітік шығып, жетілгені осы. Жаздай жауған жаңбыр мақсарыны мерзімінен бұрын жинауға мүмкіндік бермепті. Ал былтыр осы мерзімде шаруа астықты толық жинап үлгерген екен. Десе де дихандар дәнді дақылды жинап алуға дайын.

Көлкент аулының тұрғыны Рахманқұл Саттаров бірер күнде мақсарыны жинап бітіремін деп отыр. Орақ маусымын мерзімінен кеш бастаса да діттеген межені бағындыруға бел байлаған. Дихан дәнді дақылды 2016 жылдың сәуірінде 200 гектарға сепкен. Биыл ылғал мол болып, мақсары кеш пісіп жетіліпті. Шаруаның мәлімдеуінше, былтыр астықты тамыздың алғашқы он күндігінде жинап үлгерген.

Пісіп-жетілген дақылды шашпай жинау комбайншыға байланысты. Сондықтан техниканы дұрыс пайдалану қажет деп есептейді тәжірибелі маман. Егін алқабында жиналған дақыл жүк көлігіне тиеліп, Көлкенттегі азық дайындау орталығына тапсырылады.

Азық дайындау орталығында мақсарыдан бөлек бидай да қабылданады. Көлкент ауылының шаруалары дайын өнімді өткізуде күрделіктер жоқ дейді.
Үкімет тарапынан жеңілдіктер ірі шаруашылықтарға бөлінуде. Егер ұсақ қожалықтар ірі шаруашылықтарға біріксе, онда тұқым, тыңайтқыш, жанар-жағармай, техника сатып алуда билік тарапынан қаржылай көмек көрсетілетінін шаруалар біледі. Алайда, табыстан қағыламын деген себеппен бірігуге асықпайды.

273 рет қаралды

Пікір жазу