"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«СЕКТАЛАР, ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМНІҢ ҚАТЕРЛЕРІ»

Жұма, 26 Тамыз 2016 15:35

 

2016 жылдың 24 тамыз күні аудандық ішкі саясат бөлімі және «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен Шардара ауданы Ұзыната ауылдық округінде «Секталар, экстремизм және терроризмнің қатерлері» тақырыбында кездесу өткзілді. Кездесу барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы, дінтанушы Н.Үсіпбек Ұзыната ауылдық округіндегі тұрғындарға, ата - аналарға, ұстаздар мен жастарға, бүгінгі таңда діни экстремизм, терроризм, секта, лаңкестік топтардың қоғамға тигізер зардабы мен кері әсері туралы түсінік бере келе, дәстүрлі Ислам дінінің маңыздылығын айтып өтті. Н.Үсіпбек әрбір адам өз отбасын және туыстарын кереғар діни ағымдардың арбауынан сақтандырып отыру керектігін түсіндіре келе, діни тұрғыда қоғамдағы орын алып жатқан мәселелерге сергектікпен қарау керектігін атап өтті. Кездесу барысында Ұзыната ауылдық округі тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптарын алды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында елдегі діни ахуалға баса назар аударылған. «Біз елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек. Біз өзін өзі ұстаудың ерекше үлгілерін алуға тиіспіз. Мен жария етіп отырған стратегия біздің халқымызды орта ғасырларда емес, ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындайды», - деді Президент. Қазақстандағы деструктивті діни ұйымдарға қатысты мәселелердің маңыздылығына Мемлекет басшысы 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы Жолдауында баса назар аударды.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы біздің халқымызға жат діни және псевдодіни ағымдардың мәселелері күн тәртібінде тұрғанын айтты. Бұл тұрғыда осындай ағымдардың деструктивті әсеріне жастардың көптеп ұшырайтыны тілге тиек етілді. Жолдауда сондай-ақ, біздің біреулердің жетегінде кетпей, өзіміздің дәстүріміз бен мәдениетімізге тән діни сана қалыптастыруымыз қажет екені еске салынды. Мұндай шаралар бүгінгі қалыптасып отырған жағдайда ауадай қажет болып табылады.

245 рет қаралды

Пікір жазу