17Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ АТА-БАБА РУХЫНА АРНАП АС БЕРДІ

Жұма, 26 Тамыз 2016 15:48

 

Бүгін барша қазақ еліне қуаныш сыйлаған күміс қызымыз Ж.Жаппарқұл туған-туыстарын жиып, елге аман-есен жеңіспен оралғанына ата-баба рухына бағыштап ас берді.

Асқа жиналған көпшілік Қазақстанның көк байрағын көкке желбіреткен, зілтемір көтеруден Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған тұңғыш қазақ қызы Жазираны жеңісімен құттықтап, алдағы байрақты бәсекеде мұнанда биік белестерді бағындырып, Токио қаласында өтетін Олимпиада ойындарында алтын жүлдені иеленуге тілектестігін білдірді. 

 

 

Жиын соңында «Рәтәй қажы» мешітінің имамы П.Ізбасханов әруақтарға құран бағыштап, ақ батасын берді.

 

МӘЛІМЕТКЕ:

Жазира Жаппарқұл - зілтемірші, екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2014 ж.), жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

Оның ең алғашқы жаттықтырушысы, дене шынықтыру пәнінен сабақ берген және осы спортқа алып келген кісі - Дүйсенбек Құрманбеков.
Жазира жаттығу кезінде жұлқа көтеруден 123 келіні, серіппе көтеруден 150 келіні оңай еңсереді. Алматыда өткен әлем чемпионатында (2014 ж.) 69 келі салмақта сынға түскен 20 жастағы Жазира Жаппарқұл қоссайыста 262 келі салмақты еңсеріп, күміс жүлдеге ие болды. Жазира өзінің басты қарсыласы Ре Ын Хиден (КХДР) 3 келі ұтылды.

ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарында 69 келі салмақ дәрежесіндегі ауыр атлеттер арасында сайыс аяқталды. Қазақстандық ауыр атлет Жазира Жаппарқұл жұлқа көтеруде 115 келіні еңсеріп, бірінші сайыс нәтижесі бойынша таблода екінші орынға тұрақтады. Серпе көтеру сынында Жазира 144 келіні ырқына көндірді. Қоссайыс қорытындысы бойынша 259 келіні бағындырған Жазира Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

312 рет қаралды

Пікір жазу