"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

САРЫАҒАШТА «100 НАҚТЫ ҚАДАМ» ҰЛТ ЖОСПАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жұма, 26 Тамыз 2016 15:54

 

Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша Мемлекет Басшысының Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» тапсырмасын жүзеге асыру аясында облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша "Оңтүстік Қазақстан облысының талдау және болжау орталығы" қоғамдық бірлестігі жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу мәселелерін түсіндіру мақсатында ағымдағы жылдың 24 тамызы күні сағат 15-00-де аудан орталығы Сарыағаш қаласында кездесу өтті.

Кездесу аясында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша сарапшы ауыл әкімдеріне және жергілікті қоғамдастық мүшелеріне жергілікті өзін-өзі басқару саласында болып жатқан өзгерістер, қабылданып жатқан заңнамалық актілердің негізгі ережелері, «Қазақстан Республикасында жергілікті өзі-өзі басқарудың құқықтық негіздері», жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық- экономикалық негіздемелері, жергілікті қоғамдастықтық жиналыстарының қызметін реттеу негіздері түсіндіріліп, сұрақ-жауап қойылып, қорытындыланды.

Естеріңізге салсақ, «100 нақты қадамның» 97 қадамы бойынша Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері қарастырылады. Айталық,  ауылдық әкімдеріне заңды тұлғалардың көлік және жер қосымша екі салығын, сондай-ақ, елді мекен территорияларында жер учаскелерін мақсатсыз пайдалануы және заңсыз иемденуі үшін айыппұл салу құқығын қосымша беру; биліктің атқарушы және өкілетті органдарының азаматтармен жұмыс кезінде көмек көрсету, азаматтарды ТКШ мәселелерін шешуге, құқықбұзушылықты алдын алуға тарту.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту кезеңдермен іске асырылатын болады. Бірінші кезеңде - аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ деңгейінде дербес бюджеті және жекеменшігімен толыққанды өзін-өзі басқаруды құру.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

321 рет қаралды

Пікір жазу