17Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МЕРДІГЕР КОМПАНИЯЛАРҒА ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

Жұма, 26 Тамыз 2016 16:33

 

Бүгін ОҚО əкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды Сарыағаш ауданында қызметтік іс-сапарда болды. Іс-сапар барысында аудан əкімі Қ.Əбдуалиевпен біргелікте ауданда құрылысы жүріп жатқан əлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымы істелініп жатқан елді мекендердің жұмысын аралап көрді. Дербісек, Қапланбек, Құркелес, Біртілек, Қошқарата ауылдық округтеріндегі мектептерді Сарыағаш қаласы Самал мөлтек шағын ауданындағы инфроқұрылым аралап кестеден кешігіп жатқан мердігер компанияларға жəне техникалық бақылаушыларға кемшіліктерін айтып, жұмысты жандандыру қажеттігін ескертті. Жібек жолы ауылдық округіндегі шекара бекетіне баратын жолды тез арада бітіру қажеттігін жəне сапасына өте мұқият қарау қажеттігін тиісті мамандарға тапсырды.

 

 

Сондай-ақ осы күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды Қазығұрт ауданында іс-сапармен болып, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы мен сапасын аралап көрді. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2016-2017 жылға өтпелі кезеңімен салынып жатқан Махамбет елді мекеніндегі М.Өтемісұлы атындағы 300 орындық, Ынталы елді мекеніндегі 300 орындық және Қаржан елді мекеніндегі 300 орындық білім нысандарының құрылысы мен «Болашақ» мөлтек ауданның инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымның құрылыстарымен танысты. Құрылысы жүргізіліп жатқан білім беру нысандарында мердігер мекемелермен техникалық қадағалаушыға, бекітілген өндірістік кестеге сәйкес сапалы және өз мерзімінде аяқтауды, қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Айта кетейік, білім ошақтары ел игілігіне берілгеннен кейін 1231 балаға білім алу мүмкіндігі ашылмақ. Аталған білім беру нысандары мен «Болашақ» мөлтек ауданның инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысының жалпы құны 3005,4 млн. теңгені құрайды. Сондай-ақ, 2015-2016 жылдары 220,4 млн. теңгеге салынған 2 көпірдің аяқталған құрылысымен танысты.

586 рет қаралды

Пікір жазу