"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА КӨЛІК КОМПАНИЯСЫ ҚҰРЫЛДЫ

Сенбі, 27 Тамыз 2016 16:30

 

Осы жылдың шілде айында қала әкімдігі  Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы шеңберінде «Green Bus» жаңа көлік компаниясын құру туралы меморандумға қол қойған болатын.

Осы келісімге сәйкес, «Шымкент bus» ЖШС қала әкімдігінің (49% үлесі) және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде «Green Bus» ЖШС (51% үлесі)  болып құрылды.

Аталған компанияның басты бағыты автобус паркін жаңарту және қызмет көрсету сапасын жақсарту болып табылады.

Сонымен қатар, аталған компания алдағы уақытта тұрақты түрде қала іргесіндегі тұрғын үй алаптарына кесте бойынша көліктер белгілеп, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа аялдамалар құрылысын жасауды ұсынды.

Осы жылдың соңына қарай бұл көлік компаниясы Сжижженном  газымен қозғалатын 150 жаңа автобус алады. Онда сондай-ақ, қаланың шалғай аудандарда 10 әлеуметтік маңызды бағыттарды іске қосу жоспарланып отыр.

Естеріңізге салсақ, Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі Даму Концепциясында Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму жәй-күйіне салыстырмалы талдау жасалынып, негізгі көрсеткіштердің даму динамикасы, өзекті мәселелер және қаланың 2020 жылға дейінгі перспективалары көрсетілген. Даму тұжырымдамасында қала әкімдігінің негізгі мақсаты, яғни республикадағы үшінші ірі қала мәртебесіне лайықты орын қамтамасыз ету, ондағы тұрғындардың қолайлы ортада өмір сүруіне және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған.

Ұсынылған құжат Елбасының Қазақстан халқына жолдауларындағы басым бағыттары негізінде дайындалды. Бұл концепцияның түпкілікті мақсаты—Шымкент қаласын тұрғындарға ыңғайлы және қонақтарға тартымды етіп көрсететін республикадағы заманауи мегаполиске айналдыру.

Соның ішінде:

қала тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелерді шешу;

қала тұрғындары мен қонақтарына қажетті инфрақұрылым жүйелерін жетілдіру;

қалада бизнеске қолайлы жағдай жасау, инвестиция көлемі мен туристердің санын арттыру.

573 рет қаралды

Пікір жазу