"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР АРДАҚТАЛУДА

Сенбі, 27 Тамыз 2016 17:40

 

Көп балалы аналар ел демографиясын дамытуға қосқан үлестері үшін құрметке бөленді. Атап айтсақ, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша 7 ана «Күміс алқа» иегері атанды. Елбасының 1 тамыздағы Жарлығымен марапатқа ие болғандарды жергілікті билік өкілдері құттықтады.

Жанна Стаева Шымкент қаласының тұрғыны. Үй шаруасындағы әйел, өмірлік жарынан 4 қыз 2 ұл тапқан. Көпбалалы ана Әл-Фараби ауданы әкімдігінде арнайы тіркеуден өтіп, сыйға кенелді. Өзге де батыр аналар секілді «Күміс алқа» иегері атанды.

Жанна Стаева, «Күміс алқа» иегері: 

Президентімізге мың да бір рахмет. Көмектесіп, жердем беріп жатқан азаматтарға үлкен алғыс айтамын. Құдай қаласа «Алтын алқаға» жетемін деген ойым бар. Жастарға айтатыным Президент қолдап тұрғанда, еш қиналмай өмірге сәби әкеле берсін. Әр баланың өз несібесі болады.

Бүгінде «Әл-Фараби» ауданы бойынша көпбалалы аналардың саны 4 мыңнан асады. Енді олардың қатары тағы жетеуге толықты.  Марапаттарды табыстау барысында Марат Тәжібаев алтын құрсақты аналарды құттықтады.

Төсбелгі алып, құрметке бөленгендер жергілікті әкімдікке ризашылықтарын айтып, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Айгүл Шахабаева, «Күміс алқа» иегері: 

Әркім өз Отанын өзі тербетеді.Сол сияқты біздің Отанымызды тербетіп отырған Елбасымызға рақмет.Бізден кейінгі жастар өмірге бізден де көп сәби әкеле берсін.Осылай елеп,мерекелі жағдайда шақырып,сыйлап отырғандарыңызға рахмет. 

Марат Тәжібаев, Әл-фараби ауданы әкімінің орынбасары: 

Жалпы аудан бойынша көп балалы аналардың саны 4 мыңнан асады. Оның ішінде «Алтын алқа» иегерлері 400 болса,«Күміс алқа» иегерлері мыңнан асады.Бұл өте қуанышты жағдай. Мұның өзі күн санап өсіп, көбейіп келеді.

Еске салайық, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілері 1993 жылы Елбасы жарлығымен бекітілген. «Күміс алқа» медалі алты бала, ал «Алтын алқа» жеті және одан көп бала туған аналарға беріледі.

341 рет қаралды

Пікір жазу