14Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ – ЖАҢА ҮРДІС

Сенбі, 27 Тамыз 2016 17:42

 

Келер оқу жылында білімнің жаңа үрдісі қалыптаспақ. Отырар ауданында 40 мектеп бар. Ондағы оқушылар саны 10 700- ге жуық.  Балалардың барлығына   тәртіп ортақ. Білім де бірыңғай беріледі. Биылғы білім реформасына сай жүргізілетін жүйені жүргізуге әсіресе, ұстаздар жағы бек дайын.

Жиында қаралған тағы бір мәселе – Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге оқушылардың 100 пайыз қатысуын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, үздік және алтын белгі иегерлерін үмітті ақтауға мықтап дайындау жайы сөз болды. Тестілеу – ауданның білім деңгейін шешпеу керек,-дейді әкім. Өйткені тәрбиесіз берілген білім – адамның қас жауы екені әмбеге аян. Сондықтан да ең бірінші жеткіншектерді көше кезіп кетуден сақтау керек.

Психологтар деңгейін арттыру жайы да кеңінен әңгімеге арқау болды. Аудан көлемінде 47 психолог болса, оның небәрі 24-і ғана арнайы курстардан өткен. 1871 ұстаздың 1700 жоғары білімді. Мұғалімдерді қайта даярлау курстарынан өткізу жайы да ұдайы ұйымдастырылып отырады. Ағылшын тілі пәнінің оқытушылары еңбек демалысының уақытында да біліктілік курсынан өткен. Бұл – жаңа оқу жылындағы жаңа үрдістің қарқынды жүрерінің айқын кепілі.

Осылайша, отырарлықтар жаңа оқу жылына қызу дайындық үстінде. Ендеше тамыз кеңесінде айтылған келелі мәселелер оң шешімін тауып, ауданда білім деңгейі арта түсеріне сенім мол.

411 рет қаралды

Пікір жазу