"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА ЕҢ ҮЗДІК ӨНІМДЕРДІҢ КӨРМЕ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Жексенбі, 28 Тамыз 2016 07:00

 

Шымкенттегі «Көрме» орталығында ең үздік «Оңтүстік өнімдері-2016» атты көрме-жәрмеңкесі өтті.

Оңтүстік Қазақстан өндірушілерін насихаттау мақсатында өткен жәрмеңкеде облыста өндірілетін тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл және құрылыс өнеркәсіптерінің жүздеген тауарлары ұсынылды.

Шараға қатысқан өңір басшысы Б.Атамқұлов ондағы өнімдермен танысып, облыс өнімдерінің брендін қалыптастыру қажеттігін атап өтті. 

 


   

 

«Оңтүстік өнімі» деген тіркес бүкіл қазақстандықтар үшін «жоғары сапа» мен «тиімді баға» деген сөздермен теңдесуі керек. Сонымен қатар, шаруалар мен жұмысшылар, бизнестегі азаматтар ең бірінші тауардың сапасына мән беруі қажет. Сонда ғана біздің өнім – «Оңтүстіктің өнімі» нарықта жоғары сұранысқа ие болады»,- деді облыс басшысы.
    

Айта кетейік, аталған көрмеге Оңтүстік Қазақстан облысының 150-ден астам тауар өндірушілері (далалық аудандарының 60-тан астам) соның ішінде 1 мыңнан астам зияратшылар қатысты.
Іс-шараның барысында «Қазақстанның үздік тауары» атты көрменің жеңімпаздары марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.
     

Конкурстың жеңімпаздары Астанада өткізілетін республикалық «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсына қатысуға мүмкіндік алды. Айта кететін жайт,  бұл конкурсқа алғаш рет 15 жаңа компания қатысты.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығына сәйкес, елімізде жыл сайын «Қазақстанның үздік тауары» республикалық және өңірлік көрме-байқауы өткізіліп келеді.

 

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» КӨРМЕ-БАЙҚАУЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ:

 

жеке және заңды тұлғалардың отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыру;

Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу;

отандық және халықаралық стандарттар негізінде сапаны басқару мен қамтамасыз етудің қазіргі заманғы әдістерін кеңінен енгізуге алғышарттар жасау және оған жәрдемдесу;

сапа проблемаларын шешу қажеттілігіне өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару;
халық арасында сапа идеясын кеңінен таныту болып табылады.

307 рет қаралды

Пікір жазу