17Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА МАЙШАБАҚ ҚҰТҚАРЫЛУДА

Жексенбі, 28 Тамыз 2016 07:20

 

Оңтүстік Қазақстан облысында миллионнан астам майшабақ құтқарылды. Сақтап қалу шаралары суы тартылып, балығы азая бастаған стратегиялық маңызы бар Көксарай су реттегіші мен «Шу» өзенінің төменгі сағасында атқарылды. Бұл жұмыстар дер кезінде жүргізілмесе, сай-саладағы су қара күзге дейін тартылып, балықтар қырылып қалуы мүмкін, - дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері. Майшабақтарды кезекті құтқару жұмыстары Көксарай су реттегішінде жүргізілді. Стратегиялық маңызы бар нысанның ұлтанында жүз мыңдаған осындай шабақтар қалған. Сай-саладағы су қара күзге дейін тартылып, балығы қырылып қалуы мүмкін. Сондықтан шыпырлаған шабақтарды сүзіп алып, Сырдария өзені мен реттегіштің суы терең жерлеріне жіберіп жатыр. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары да осындай игі істердің біріне қатысып, жүздеген шабақты қырылудан аман алып қалды. Бекжан Қалымбетов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары: - Мынау өздеріңіз көріп тұрғандай, осы жерден ауланып отырған торта, сазан, бобла балықтары сияқты жалпы 15 шақты балық түрі бар. Дариядан ағып келген балық осы жерде жетіледі. Мұнда тамақ көп. Уылдырық шашуға қолайлы. Көксарайға су балық уылдырық шашатын ерте көктемнен бастап жиналады, оның үстіне қорек те көп. Бұл шабақтардың өсіп-жетілуіне қолайлы. Сырдария өзенінің төменгі сағасындағы тұрғындарды сел мен ағын су тапшылығынан құтқару үшін салынған стратегиялық нысан балықтың көбеюіне ыңғайлы жер болып тұр, - дейді табиғат сақшылары. Бақыт Мұсалиев, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы: - Көксарай су қоймасы балықтың инкубаторы болып табылады. Себебі Көксарай су қоймасында көбейген балықтар қайтадан өзенге шығады. Сол шыққан су Сырдарияның балық қорын көбейтіп жатыр. Қазір қалдық судағы балықтарды аулап, шабақтарды құтқару жұмыстарымен үш бірдей мекеме айналысып жатыр. Инспекторлар олардың әрбір әрекетін қатаң бақылауға алған. Дей тұрғанмен, сұғанақтардың да қарасы азаяр емес, - дейді мамандар. Жыл басынан бері аумақтық иснпекция мен полицейлер бірлесіп, 17 рет рейд ұйымдастырыпты. Нәтижесінде 400-ден астам заңсыз балық аулау фактісі тіркеліп, 41 қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде балықты жаппай қырып жіберетін тоқпен ұру тыйылар емес, - дейді мамандар. Нұркен Ақбаев, облыстық ІІД ЖПҚ табиғатты қорғау полиция тобының инспекторы: - Тыйым салынған құралдар ол жерде элэктроқармақ деп атаймыз, тоқ көбейткіш арқылы сыммен жалғап, балықты аулайды. Одан кейін қытай сеткасы бар. Олардың барлығы тыйым салынған құрал есебінде. Тоқпен ұру барлық жәндікке кері әсерін тигізеді. Көксарай реттегішіндегі браконьерлерден қалған аудан аяқ алып жүру мүмкін емес. Оған түсіп, оралып, өліп жатқан балық қаншама?! Сондықтан балық аулау маусымы аяқталғаннан кейін жарамсыз болып қалған құралдар жинап алынып өртеледі, - дейді мамандары.

349 рет қаралды

Пікір жазу