"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР ЖАҢА БАЛАБАҚША ...

Дүйсенбі, 29 Тамыз 2016 16:33

 

Бүгін, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен "Балапан" бағдарламасы аясында бой көтерген 180 орынды бүлдіршіндерге арналған "Айсұлу" балабақшасының салтанатты ашылу салты өтті.

Қазақ, ағылшын, орыс тілінде оқу-іс әрекеттерімен айналысатын жаңа балабақша заман талабына сай жабдықталған. Мұнда жасөскіндердің денсаулығын қадағалайтын медбике бөлмесі, психологиялық ерекшеліктеріне қарай көмек беретін психолог ұстаздар бөлмесі, асхана, ойын бөлмесі, музыка және спорт залы, жас ерекшеліктеріне сай дайындалған ойын алаңшалары, жазғы бассейіндер бар. 

 

 

Бір сөзбен балабақша таза, ыңғайлы және кең болып, жас ұрпаққа қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

 

Ал, дәл осы күні Кентау қаласының тұрғындары Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай,  250 метрлік баннерге Ата Заңымызды жазып шығарды. Үш тілде жазылған заң қаладағы Ынтымақ алаңын толықтай қамтыды. Бұл Ата заң қаланың орталық мұражайына қойылатын болады. 

 

 

Мерекелік шараға қала әкімі Ә.Мақұлбаев пен қаланың зиялы қауым өкілдері қатысып, барша қала тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Салтанатты шарада қала жастары патриоттық әндерге флешмоб ұйымдастырса, мәдениет саласының азаматтары түрлі өнерлерін халыққа паш етті.

Айта кетейік, 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум өткізу жолымен қабылданған Конституция – жас мемлекетіміздің өркендеуіне қол жеткізген, зайырлы және құқықтық ел екенімізді айқындайтын бірден-бір төлқұжат.

Осы тәуелсіз мемлекетіміздің Ата Заңының қабылданғанына биыл 21 жыл толып отыр. Жиырма бір жылдың ішінде еліміз өз тәуелсіздігін орнықтырып қана қоймай, одан әрі нығайтып, әлем таныған мемлекетке айнала білді. Қазақстанның жүзеге асырған экономикалық, әлеуметтік, саяси қайта құрулары мен қол жеткен жетістіктері түгелдей Конституциямызбен тығыз байланысты екені белгілі.

206 рет қаралды

Пікір жазу