16Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АУЫЛ ҚАРИЯЛАРЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНАДЫ

Сейсенбі, 30 Тамыз 2016 14:59

 

Салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамыту- баршамызға ортақ іс. Мемлекет міндеттеген бұл шараға бет бұрушылар қатары бүгінде артып келеді. Әсіресе бұған ауыл- елдегі қариялардың да бастамшы болып жүргені қуантады. Ақсақалдар атсалысып жүрген осындай шараның бірі - Шымкенттің іргесіндегі Бадам ауылында ұйымдастырылды.

Аталмыш турнир, Ордабасы фан клубының ақсақалдар алқасының төрағасы Әмірхан Төлеевтің 63 жасқа толуына орай ұйымдастырылды.  Қадірлі зейнет жасына шығып отырған ақсақалдың бұл ауылға сіңірген еңбегі зор.  Өйткені ол өзі сияқты қариялардың басын біріктіре отырып, жастарды да спортқа бейімдеуді дағдыға айналдырған.  Бүгінгі турнирдің де мақсаты - ауыл жастарын салауатты өмір салтына бағыттап, футболға деген қызығушылығын арттыру.  

Турнирге қатысқан  10  команданың қай-қайсысының да жеңіске деген құштарлығы байқалды.  Жарыстың соңғы  сәтіне дейін жігерлік танытқан  «Елтай» және

«Бейнеткеш» командалары арасындағы ақтық ойын тартысты өрбіді.  Дегенмен,   өзіндік ойын өрнегін көрсете білген  «Елтай»     командасы жарыстың үздігі  атанды.

Турнирге келген футболшылар жарыс рухын сезініп, өз шеберліктерін көрсете білді.  Жарыс соңында оған қатысқан жастар өздеріне жөн көрсетіп, әрі спортқа баулып жүрген ел ағаларына амандық тіліп,  алғыстарын  айтты.

258 рет қаралды

Пікір жазу