"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ КҮНКӨРІС ҚАМЫ РЕТІНДЕ ҚАБЫЛДАМАУЫ ТИІС

Сәрсенбі, 31 Тамыз 2016 06:42

 

 

Бұл туралы Өңірлік коммуникация  қызметінде өткен брифингте, «Панорама» ақпараттық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мурбеков Бауыржан Жолдасбекұлы хабарлады.

Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қадамы бойынша, Минстрліктің құрамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро құрылып, ерекше статусы бар құрылым ретінде айқындалды. Сондай-ақ, Министрліктің және аумақтық департаменттердің құрамында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шараларымен айналысатын құрылымдық бөлімшелері бар. Бұл құрылымдардың негізгі жұмысы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заңының талаптарына сай қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік органдар қызметіне мониторинг жүргізе отырып, жемқорлық тәуекелдерін анықтау сияқты профилактикалық іс-шараларды қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі таңда, өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты қабылдамау принциптерін үйрету мақсатында облысымыздағы 3 жоғары оқу орындарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» модельді пәні элективті пәндерінің каталогына енгізілді.

Сонымен қатар, облыстық білім басқармасына қарасты 24 орта кәсіптік білім беру мекемелерінде «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» тәрбие жоспарларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар енгізілді. Сонымен қатар, «Құқық негіздері» пәні аясында аталған тақырып кеңінен қамтылатын болады.

Ал, мектеп жасындағы балаларға тәрбие беруде облыс аумағындағы 449 орта білім беру мекемелерінде (63 бастауыш мектеп, 35 негізгі мектеп, 351 орта мекеп) 1-5 сынып оқушыларына «Дүниетану» пәні, 6-11 сынып оқушыларына «Адам.Қоғам.Құқық» пәні негізінде жасөспірімдерге адалдық, әділдік сияқты тәрбиелік маңызы бар бағытта білім беру мәселесі қолға алынды.

Бұдан бөлек, азаматтық қоғамның түрлі салаларында түрлі форматтағы (кездесу, дөңгелек үстел, семинар, кездесу және т.б.) 131 іс-шаралар өткізілді. Бұл ретте, тек облыс орталығы ғана емес, аудандардағы ауылдық елді мекендер де толықтай қамтылып отыр.

Сондай-ақ, жыл басынан бері барлық деңгейдегі басылымдарда
161 материал жарияланса, республикалық және облыстық телеарна арқылы 96 материал жарық көрді. Оның ішінде, жаңалықтардан бөлек, арнайы репортаждар мен бағдарламалар да қамтылды.

6 айдың ішінде 7 мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары жүргізіліп, талдау қорытындысымен барлығы 31 ұсыныс енгізілген.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары болып табылатын мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізіліп, Департамент тарапынан 31 мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субьектілеріне ұсыныс хаттар жолданды. Нәтижесінде мемлекеттік бюджетке келтірілуі ықтимал залалдың 11 311 700 теңге қаражаты үнемделген.

Бірінші институционалды реформаның аясындағы соңғы қадамдарды жүзеге асыру қабылданған жаңа Заңмен қамтамасыз етілмек.

Аттестаттауға қатысты тәсілдер қайта қаралды, оған сәйкес аттестаттау тәртібін, мерзімдерін және аттестаттауға жататын қызметшілерді Мемлекет басшысы айқындайды.

Алдағы 2017 жылдың 1-ші жарты жылдықтың ішінде кешенді аттестациялау жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда нақты ұйымдастыру жұмыстары пысықталуда.

Жаңа модельді қамтамасыз ету, меритократия негізінде білікті кадрлар корпусын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшінің, тұтастай алғанда мемлекеттік қызмет жүйесіне нұқсан келтіретін іс-қимылдарды болдырмау үшін барлық лауазым иелері жаңа заң талаптарын сақтауға икемделуі керек және осы бағытта жұмысты жандандыратын боламыз.

Жастар жағы мемлекеттік қызметті - күн көріс қамы, жеңілдік пен тұрақты жалақы ретінде қабылдамауы тиіс. Мемлекеттік қызметтің - абыройлы міндет екенін түсінгенде ғана - ол әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналуы мүмкін деп білемін, - деп өз сөзін түйіндеді.

310 рет қаралды

Пікір жазу