"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ»: ҮЗДІК САПА – АБЫРОЙ КЕПІЛІ!

Сәрсенбі, 31 Тамыз 2016 06:57

 

Шымкентте өткен «Қазақстанның үздік тауары» көрмесі 2000-нан астам қала тұрғындарын жинады.

Оңтүстік Қазақстан облысында өткен «Қазақстанның үздік тауары» көмесіне биыл 135 кәсіпорын қатысты. Онда жеңіл тамақ өнеркәсібінен бастап, машина жасау, құрылыс, фармацевтика, тоқыма мен қолөнер шеберлерінің туындыларына дейін ұсынылды. Мысалы елімізге әйгілі, алкагольсіз сусын шығаратын «ВизИТ», «Бал текстиль» және «Назар текстиль» кілем фабрикалары, «Карлскрона» сорғыш шығаратын зауыт пен «Стандарт цемент» зауыттары, «Ордабасы құс» күрке тауық фабрикасы, костьюмдер тігетін «Golden Nomad» кәсіпорны, және т.б. ірі әрі танымал кәсіпорындар өз тауарларын ортаға салды. Сонымен қатар, кіші және орта бизнес өкілдері де өздерінің тауарларын халыққа паш етті.

 

 

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы ОҚО Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастырылуымен өтті. Шара мақсаты – Оңтүстік өңірінде шығарылатын тауарларды халыққа таныту, кәсіпкерлерді ынталандыру және орта және шағын бизнесті дамыту болып табылады.

Іс-шара барысында үздік тауар өндірушілері сынға түсіп, тауар таңбалары қолданыстағы ерекшеліктеріне қарай үш номинация бойынша іріктелді. Атап айтқанда, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Азала Текстиль» ЖШС үздік атанды. Компания жылына 2800 тоннадан астам иірілген жіп, 13 млн шаршы метр мата, 2 млн төсек-орын тысы жиынтығы мен 7 млн түкті өнім шығарады. Ал, 2 және 3 орындар «Әлем БТ» (шұлық өнімдері) және «Назар текстиль» (кілем шығару) компаниялары иеленді. «Карлс Крона» сорғыш шығаратын зауыты «Өндірістік бағыттағы үздік тауар» номинациясы бойынша марапатталды. Осы номинация бойынша 2-ші орын терезе және витраждарға арналған ПВХ-профильдер шығаратын «Триумф ММС» зауытына  бұйырды. 3-ші орынға «Батсу Водоканал» кәсіпорны лайық деп танылды. «Үздік азық-түлік тауары» номинациясында макарон өнімдерімен әйгілі «Барыс-2007», «Амангельды», «Ладушки» кондитерлік дүкендер желісіне берілді. 

 

 

Жалпы, конкурс барысында 18 кәсіпорын «Өндірістік мақсаттағы тауарлар» үздік атануға тырысса, 15 компания «Халық тұтынатын үздік тауар» өндіруші номинациясы бойынша көрмеге қатысты. Ал, 20-дан астам қатысушы «Үздік азық-түлік тауары» номинациясының иегері атануға тырысқан.

Сондай-ақ, «Халық таңдауы», «Жыл серпіні», «Жыл бренді», «Әлеуметтік маңызы бар стартап» номинациясы бойынша да үздіктер анықталды. Бұл сатыда  химиялық қоспасыз табиғы емдік шөптермен және солардан жасалған жақпаларды  даярлайтын «Асыл арман», «Еврокристалл» шыны зауыты, және химиялық тазартқыш өнімдерімен танылған "Көркем дос", сондай-ақ, фитошайларды әзірлейтін "Фитофарм» компанияларының басшылары алғыс хаттармен марапатталды.

Аталмыш шараның тағы бір ерекшелігі – мұнда келген тұрғындар отандық өнімдермен тек танысып қана қоймай, жеңілдетілген бағамен тауарларды сатып алу мүмкіндігі берілді. Келушілерге лоторея ойындары ойнатылып, келген қонақтар бағалы сыйлықтарға ие болды.

Сонымен қатар, көрме серіктестері «Бал текстиль», «Kazbrends», «Rixos Khadisha Shymkent», «Canvashotelshymkent», «Hoteldostyk», «Shymkent Grand Hotel»,  қонақүйлері мен «Рахима плаза», «Арай де люкс» кәсіпорындары мен ОҚО Іскер әйелдер кеңесі және де Almaty Management University оқу орны көрме-конкурсқа мұрындық болып, серіктестік қызметін атқарды. Аталған компаниялардың барлығы сыйлықтар мен демалыс орындарына сертификаттар ұсынса, «Almaty Management University» білім ордасы тегін оқу сертификатын сыйға тартты.

Кәсіпкерлердің пікірінше «Қазақстанның үздік тауары» жобасы сапа мен жоғары талғамның белгісі болатынына сенімді. Бұл жоба кәсіпкерлерге өз ісін әрі қарай қарыштап дамыту мен инвесторлар тартуда зор көмек болмақ.

230 рет қаралды

Пікір жазу