"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Сәрсенбі, 31 Тамыз 2016 16:54

 

Мемлекетіміздің Темірқазығы, азаматтығымыздың айшықты айғағы Конституциямыздың 21 жылдығына орай Түлкібас ауданында жаңа әлеуметтік нысандар ашылып, ел игілігіне берілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекетіміздің Темірқазығы, азаматтығымыздың айшықты айғағы Конституциямыздың 21 жылдығына орай Түлкібас ауданында жаңа әлеуметтік нысандар ашылып, ел игілігіне берілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселен, Күмісбастау мен Шарафкент ауылдарында 150 орындық жаңа білім  ордасы салынып, жаңа оқу жылында оқушыларға есігін айқара ашты.
Күмісбастау ауылындағы 1928 жылы  негізі қаланған мектепті  апатты деп танып, облыстық бюджеттен 272 млн 693 мың теңгеге жаңа мектептің құрылысы жүргізілді.

Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Ә.Тұрғымбеков барша тұрғындарды мерекемен құттықтап, ауыл халқының қуанышымен бөлісті. «Соңғы уақытта ауданымызда бірнеше ғимараттар бой көтерді. Әрине, мұның барлығы жақсы іс. Ал балаларға арналған нысандардың орны бөлек. Сондықтан бүгінгі шараның маңызы ерекше. Жаңа мектеп жаңаша жұмыс жасайды, нағыз білімнің ордасы болады деген ойдамыз. Осында оқитын оқушылар заман талабына сай жақсы, терең білім алады»,- деді аудан басшысы.

Мерекелі күні Кемербастау ауылының тұрғындары қос қуанышқа кенелді. Мұндағы 1 мыңнан астам тұрғын таза ауыз сумен қамтылды.  Ауыз су құрылысына облыстық бюджеттен 48 млн. теңге қаржы қаралған. Су құбырларын тарту жұмыстарын жүргізген «OSER –A- Group» мердігер мекеме құрылысты уақтылы аяқтап ел игілігіне тапсырып отыр.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні Созақ ауданының Шолаққорған ауылдық округіне қарасты Абай елді мекенінде 50 балаға шақталған жекеменшік «Айкөркем» балабақшасы ашылды, деп хабарлайды BNews.kz. Жаңа балабақшаның ашылу рәсіміне аудан әкімі Мақсат Исаев, депутаттар мен ауыл тұрғындары қатысты. 

 

 

Нысанның салтанатты ашылу сәтінде сөйлеген аудан басшысы М.Исаев: «Ауданда «Балапан» бағдарламасының орындалу барысы жоғары деңгейде. 

Бұл – биылдыққа ауданда ашылып отырған бесінші балабақша. Таяуда тағы да 280 орынды балабақша ашамыз» - деп жиналған көпшілікті Конституция күнімен құттықтады. Бұрынғы ескі мектепті балабақшаға лайықтап, қайта күрделі жөндеуден өткізген нысан қожайыны балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамтығаннан бөлек, жергілікті 8 адамға жұмыс беріп отырАйта кету керек, жаңа оқу жылында осы Абай елді мекенінде 150 орынды білім ошағы пайдалануға берілмек. Бүгінде ауылдағы 88 шаңырақта 576 азамат тұрады. Ауыл аудан орталығынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан.

234 рет қаралды

Пікір жазу