"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚАЗАҚ ПЕН ТӘЖІК – БАУЫРЛАС ХАЛЫҚТАР

Сәрсенбі, 31 Тамыз 2016 17:00

 

Облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Сәдiбеков бастаған оңтүстiкқазақстандық делегация екi күндiк iссапармен Тәжiкстан Республикасында болды. Делегация өкiлдерi iссапардың бiрiншi күнiн Тәжiкстанның екiншi iрi әрi Шымкентпен бауырлас Ходжент қаласынан бастады. Iс-шара барысында Ходженттегi iрi орамға «Шымкент» атауы берiлдi. Айтулы шарада сөз алған облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Сәдiбеков бауырлас халыққа оңтүстiктiк ағайынның ыстық ықыласы мен дұғай сәлемiн жеткiздi.

Делегация құрамында ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Қалмұратов болды.

Айта кету керек, бүгiнде ОҚО-да 30 мыңға жуық тәжiк ағайындар берекелi ғұмыр кешуде. Сонымен қатар «Пяндж» тәжiк этно-мәдени орталығы ұлтаралық татулықты ұлықтап келедi. 2003 жылдан берi Шымкент-Ходжент қалалары арасында бауырластық келiсiмшарты түзiлген. Ал, 2005 жылы Шымкентте орталық көшелердiң бiрiне «Ходжент» аты берiлген. Iссапар барысында Соғди облысының төрағасы Абдураxман Кодири ОҚО делегациясын ресми қабылдады. Кездесуде екi өңiр арасындағы әлеуметтiк және экономикалық қарым-қатынасты нығайту мәселелерi талқыланды. ОҚО-дан барған делегация одан әрi Душанбе қаласына аттанып, бiрқатар маңызды iс шараға қатысты.

Қазақстанда тұратын тәжіктердің қазақ халқынан айырмасы шамалы. Әдет-ғұрпында, дәстүрінде,салтында ұқсастықтар өте көп. Осы жолғы шығарылымда тәжіктердің музыкалық аспаптарына ерекше талдау жасалған.

Қазақстандағы тұрып жатқан тәжіктер диаспорасы үлкен. Оларға қазақ жеру туған үйіндей болып кетті. жалпы Республикада тоғыз тәжік мәдени орталығы бар. Олар Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Шымкент қалалары мен Жамбыл облысында, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш және Мақтаарал аудандарында ұйымдастырылған. Олардың барлығы 2003 жылы ақпан айында Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен Қазақстандық тәжік мәдени-қоғамдық бірлестіктерінің «Сомониён» ассоциациясы болып бірігіп тіркелді.

1994 жылдың 19 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысында марқұм Жахонгир Давроновтың тікелей күшімен «Пандж» атты тәжік ұлттық мәдени орталығы алғаш ашылған болатын. Мақтаарал ауданының басшылары тәжік орталығына әртүрлі жиындар мен көмек қорлары үшін 38 гектар жер бөліп берген еді. Жахонгир Давронов Қазақстан халқы Ассамблеясының және Жоғары кеңесінің мүшесі болды. Бүгінде «Пандж» тәжік орталығын Акабай Худойкулов басқарады.

Қазіргі кезде Сарыағаш ауданындағы Тәжік мәдени орталығын Урунбай Эсенбоев, Шымкент қаласындағы тәжік мәдени орталығын Рахимходжа Фазиев, Жамбыл облысында Арифов Махкам, Алматы қаласында «Авицена» орталығын Бекпулат Ташпулатов, Астана қаласында Зафар Рахманбеков, Қостанай қаласында Эргашбай Холматов, Петропавл қаласындағыны Яхехаджа Исмаилов басқарады.

 

«Оңтүстiк»-ақпарат

245 рет қаралды

Пікір жазу