"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА МЕКТЕПТЕР АШЫЛДЫ

Бейсенбі, 01 Қыркүйек 2016 17:07

 

Бүгін Сарыағаш ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 қыркүйек білім күні мерекесіне орай, 300 орындықты 3 мектеп пайдалануға берілді. Білім нысандарының салтанатты ашылу рәсіміне облыс əкімінің бірінші орынбасары  Д.Сатыбалды қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған білім ұяларының бірі Дастан ауылынан ашылған №136 орта мектеп болса, екіншісі Атамекен елді мекенінен бой көтерген №64 мектебі. «Ұлттық қор» есебінен қаржы бөлініп жаңа оқу жылына тапсырылған білім мекемелері заманауи құрал-жабдықтармен толықтай қамтылған. Балалар санының өсіп, сынып тапшылығын жою мақсатында салынған мектептер өз мерзімінде ел игілігіне беріліп отыр.  Ал, Қабланбек ауылдық округі, Жонарық елді мекенінен ашылған жаңа мектеп облыстық бюджеттің қаржысы есебінен салынған. Бұған дейін ауыл балалары көрші ауылға қатынап, білім алып келген.

Жалпы Сарыағаш ауданында 144 оқу ордасы болса, онда биыл 80 мың 600 бала білім алады. 

 

 

Сондай-ақ, бүгін Мақтарал ауданында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған 6 мектеп ғимаратының тұсауы кесілді.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай пайдалануға берілген білім ұяларының ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев қатысып, барша ұстаздар мен оқушыларды жаңа білім күнімен құттықтады. Білім күні 300 орындық төрт және 200 орындық екі мектептің есігі мақтаралдық оқушыларға айқара ашылды.

Жаңадан ашылған барша мектеп ғимараттары заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мәселен мұнда лингафондық кабинеттер, интерактивті тақталар, мультимедиялық құралдар, жаңа үлгідегі химия және биология кабинеттері оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндіктер туғызары хақ. Сондай-ақ, спорт залдары мен шеберханалар, мәдениет залдары оқушылардың өздері қалаған кез келген спорт пен өнердің түріне баулиды.
 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

247 рет қаралды

Пікір жазу