14Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ИЗРАИЛДІК ИНВЕСТОРЛАР ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ

Бейсенбі, 01 Қыркүйек 2016 17:15

 

Бүгін ОҚО әкімі Б.Атамқұлов облысымызға іскерлік сапармен келген израильдік «YR-Mitrelli Group» компаниясының өкілдерімен кездесті. Құрамында компанияның атқарушы директоры, бас менеджері, Астана банкінің өкілі және «ULLIT Eurasia» ЖШ-нің бас директорлары болған делегация мүшелерінің басқосуында облыстағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, тараптардың өзара жиынында, АӨК және энергетика салаларына инновациялық технологияларды енгізу, «Сасықкөл» қоймасын тазалау және хауызын жаңарту мәселелері қаралды. Мұнан бөлек, қалалық ТЭЦ-1, ТЭЦ-2 мен Шымкент қаласының әуежайын жаңғырту (модернизациялау) және ІТ технологиялар мен SMART шешімдерді өңір тіршілігіне ендіру жайлары да айтылды.

Айта кетейік, «YR-Mitrelli Group» компаниясы Африка, Оңтүстік Америка, Үндістан мен Қытай және ТМД елдерінде ірі масштабты, ұзақ мерзімді жобалардың негізін салып, әзірлеп, жүзеге асырумен айналысады. 20 жылдан астам уақыттан бері «YR-Mitrelli Group» компаниясы денсаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету, энергетика, білім беру, тұрғын-үй құрылысы, ауыл шаруашылығы, ІТ және телеком жобаларын тұрақты қамтамасыз ету жүйесі саласында әлемнің түрлі мемлекеттерінде жұмыс жасап келеді.

 

МӘЛІМЕТКЕ:

Қазақстан Республикасы мен Израиль Мемлекеті (ИМ) арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 10 сәуірде орнатылды.
Израиль Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдайды. Мәселен, "Әлем 21 ғасыр" манифесті және "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында көрсетілген басты бағыттарға бұл ел оң көз қараспен қарайды. Соңғы жылдары екі ел арасындағы байланыс нығая түскен. Әсіресе медицина, туризм саласы қарқынды дамуда. Осы ретте Қазақстан мен Израиль визалық тексерісті жеңілдетіп, Астана мен Тель-Авив арасында тікелей әуе рейсін ашуды жоспарлап отыр.  Израиль БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде Қазақстанға Орталық Азиядағы негізгі серіктесі ретінде қарайды. Сондай-ақ Израиль сарапшылары Қазақстанның халықаралық бастамаларын үнемі қолдап келеді. Бүгінде екі ел арасында тығыз әріптестік қарым қатынас бар. Болашақта ол тек дами түседі. 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

330 рет қаралды

Пікір жазу