"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

БИЫЛ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА 1 140 ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ

Бейсенбі, 01 Қыркүйек 2016 18:12

 

Биыл ОҚО-да 1 140 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы қалалық тұрғын үй қатынастары бөлім басшысының орынбасары Г.Әшірбаева мәлім етті.

Оның айтуынша, 2016 жылдың 4 тоқсанында «Асар» шағын ауданынан берілетін 900 пәтерлі 15 тұрғын үйге кезекке тұру мақсатында «E-gov» порталы арқылы 11 шілдеден бүгінгі күнге дейін 1746 азаматтан өтінім келіп түскен. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер саны 1473 болса, 273-і көпбалалы, толық емес отбасылар және мүгедек бала асыраушы отбасылар.
Қазіргі әлеуметтік маңызды мәселелердің бірі – халықтың баспанамен қамтылуы. Жыл сайын баспана кезегінде тұратындар саны артып кеткенмен, бірқатар тұрғындар өз кезегімен пәтер кілтіне де ие болып келеді. Бұл күндері оңтүстікқазақстандық көптеген отбасылар, соның ішінде жас отбасылар, жетімдер, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылар, көп балалы аналар, мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлері тиісті баспанаға қол жеткізген. Былтыр Қазақстан ипотекалық компаниясы бойынша 1080 отбасы баспанамен қамтылғаны белгілі. Биыл  2016 жылы барлық Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жалпы алаңы 64,2 мың ш.м. болатын 1 140 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда. Баспасөз мәслихатына қатысқан «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті директорының орынбасары Е.Әлсейтов әрбір қатысушы өтініштер мен құжаттарды тапсыру үшін Электронды Цифрлық

Қолтаңба (ЭЦҚ) кілті арқылы электронды порталға тіркеліп жатқандығын айтты. Және халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары тарапынан электронды тапсыру бойынша кеңестер беріліп жатқанын жеткізді. Бүгінде ХҚКО-ғы «E-gov» пункттерінде электронды порталға тіркелу мен тапсыру бойынша 5 мыңға жуық азаматқа кеңестер беріліп, оқу оқытқан. Брифингті қорытындылаған облыс әкімі аппараты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Е.Өтебаев жалпы бүгінде халыққа қолайлы жағдай жасап, кезекте тұрмай ақ, үйде отырып электронды портал арқылы қажетті құжаттары мен өтінімдерін тастау арқылы тиісті деңгейде жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Сондай-ақ, ол «E-gov» порталы тәулік бойы жұмыс істеп, өтініштерді қабылдайтынын хабарлады.

Айта кетейік, 2016 жылдың 11-22 шілдесі аралығында «Қазақстан ипотекалық компаниясы» бағыты бойынша Асар шағынауданында соғылған үйлерден тапсырылатын 900 пәтерге өтініш қабылданатындығы хабарланған болатын дейді ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

251 рет қаралды

Пікір жазу