11Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

САРЫАҒАШТА ГИДРОПОНДЫ МАЛ АЗЫҒЫ ДАЙЫНДАЛМАҚ

Бейсенбі, 01 Қыркүйек 2016 18:17

 

Сарыағаш ауданында мал шаруашылығымен айналысатын шопандарға жағдай жасалуда. Сарыағаш ауданында аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан да алғаш рет гидропонды мал азықтық жем шөп дайындайтын озық технологиялы қондырғыларды Сарыағаш ауданына əкелу, мал шаруашылығы мен айналысатын кәсіпкерлерді ынталандыру және оның тиімділігін түсіндіру үшін аудан әкімдігінің мәжіліс залында үлкен семинар- кеңес өтті. Семинарға «Kazagrogreen» компаниясының арнайы мамандары шақыртылып гидропонды мал азықтық жем шөп дайындайтын озық технологиялы қондырғылардың мал шаруашылығына тиімділігі және ауыл шаруашылығы министрінің 23.11.2015 жылғы 9-3/726 санды бұйрығына сәйкес облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы қондырғыларды алып орнату субсидияланатыны түсіндірілді. Бұдан өзге шалғайдағы қораларды жарықтандыру яғни, электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында күн сәулесінен қуат алатын инновациялық технологияларды тарту бойынша жоба талқыланды. Семинар жиынға күн сәулесінен энергия алып жарық беретін қондырғыларды орнатушы компаниялар шақыртылып, қырда мал шаруашылығымен айналысатын қора иелеріне тиімділігі және ең маңыздысы үкімет тарапынан осы қондырғыларға 80 пайыз субсидияланатына айтылды.

Осындай жаңалықтарға алғашқы күннен ақ ауданның шопандары өз қызығушылығын білдіріп, қазіргі таңға қондырғыларды орнату жұмыстары жүріп жатыр.

Гидропонды мал азықтық жем-шөп дайындайтын озық технологиялы қондырғылар қазірдің өзінде біраз кәсіпкерлердің қызығушылықтарын тудыруда.

Алдағы уақытта бұл жобалар толығымен жүзеге асырылған жағдайда, аудан көлемінде мал шаруашылығының дамуы ілгерлей түсетініне аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің сенімі мол.

249 рет қаралды

Пікір жазу