13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОРДАБАСЫДА ОТЫЗ БІР ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ

Бейсенбі, 01 Қыркүйек 2016 18:23

 

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында ауылдық инфрақұрылымды дамыту үшін Үкімет арнайы резервінен 2016 жылы ІІІ траншпен біздің ауданға жалпы 260 млн. 819 мың теңге  бөлінді деп жазады ОҚО Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Ал, қосымша 28 млн. 980 мың теңгесін облыстық бюджеттен (10 пайыздық қоса қаржыландыру) бөлу көзделіп отыр. Бұл қаржы әр ауыл округіндегі халық санына байланысты бөлінді. Осы мақсатта аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен барлық ауыл округі әкімі аппараттары бөлінген қаржыларына байланысты 31 жобаға құжаттар дайындап, ауданның салалық бөлімдеріне тапсырылған. Атқарылатын жұмыстардың жауапкершілігі ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жүктелді.

Осы жобаларды іске асыру барысында жергілікті 110 азаматты жұмыспен қамту көзделуде, оның 63 азаматы жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасына қатысушылар. Жалпы 31 жобаның екеуі білім саласы; төртеуі мәдениет саласы; үш жоба спорт саласы; жиырма екі жоба коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы бойынша (1 жоба көшелерді жарықтандыру, 5 жоба ойын алаңшалар, 16 жоба аяқжол) қамтылды.

Одан бөлек елді мекендердің инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында Темірлан ауылындағы 14 екі пәтерлі коммуналдық тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінен 118 млн. 511 мың теңге бөлінді. Бүгінгі таңға аталған жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде, жобаларды іске асырып, аяқтау осы жылдың қараша айында жоспарланған.                   

Айта кетейік, Ордабасы ауданының халықты жұмыспен қамтамасыз етудің 2016 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес 111 азаматтарды бағдарламаға тарту межеленген. Соңғы 7айға жоспарланған 73 адам болса, нақты 91 адам қатыстырылып қатыстырылып, меже 125%  пайызға орындалды. Оның ішінде:  әлеуметтік жұмыс орындарына 26 адам; «Жастар практикасына» 3 адам; Шағын несиелеуге 4 адам; Кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 5 адам; маусымдық жұмыстарға 5 адам;  қайта даярлау курсына 3 адам қатысқан.  Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 45 адам, оның ішінде 6 адам 3 пайыздық квотамен қамтылды.

313 рет қаралды

Пікір жазу