"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«АЙГӨЛЕК» ГРАН-ПРИМЕН ОРАЛДЫ

Жұма, 02 Қыркүйек 2016 12:39

 

Шымқала балалары Қазақстан мәртебесін бір көтеріп тастады. Шымкенттік халықтық хореографиялық «Айгөлек» балалар ансамблі Испанияның Ллоретт дел Мар қаласында «Musica del Mar» - «Теңіз әуені» Халықаралық фестиваль-байқауына қатысып, Гран При Кубогы және «Үздік хореография», «Көрермен көзайымы» дипломдарын жеңіп алды. Бимен қатар ансамбль мүшелері халық аспаптарында орындаушылық және вокал бойынша өз өнерлерін көрсетті.

Осыған орай, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Айгөлек» ансамблін қабылдады.
Қазақ өнерін шет елдерде насихаттауға қосқан үлесі және Испания еліндегі Халықаралық фестивальдегі жеңісімен құттықтаған шаһар басшысы

шығармашылық ұжымның алдағы еңбек жолына табыс тіледі.

Кездесуге Оқушылар сарайының директоры Н.Романова, ансамбльдің көркемдік жетекшісі Р.Каланова және 17 ансамбль мүшесі қатысты.

Айта кетерлігі, «Айгөлек» балалар би ансамблі 1943 жылы құрылған. Ансамбльдің негізін қалаған Цандекова А.Л. 1975 жылдан бері Р.Каланова ансамбльдің көркемдік жетекшісі қызметін атқарып келеді.

Бүгінгі таңда ансамбль 4-17 жас аралығындағы 200-ге жуық өнерлі өрендердің талантын ашуға ықпал етіп отыр.

«Айгөлек» ансамблі республикадағы ең байырғы шығармашылық ұжымдардың бірі. 1973 жылы ансамбль «халықтық» атағын, 1982 жылы Ленин комсомол сыйлығының лауреаты атағын иеленді.

2000-2016 жылдары Орта Азия және Еуропа елдерінде Халықаралық фестивальдерге қатысып, Гран-при және түрлі жүлделер иесі болған.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

202 рет қаралды

Пікір жазу