15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

БІРҚАТАР МЕКТЕПТЕР Е-LEARING ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕДІ

Жұма, 02 Қыркүйек 2016 12:44

 

Оңтүстік Қазақстанның білім беру ісінде тың жаңалықтар, инновациялар...

Электрондық оқыту (e-learning) жүйесі – заман талабы. Қоғамның дамуы бүгінгі таңдағы білім беру процесінде дамыған елдер стандартына сәйкес болуды қажет етуде. Осыған орай биылғы оқу жылында ОҚО Түлкібас аудандағы 4 мектеп: Абай атындағы мектеп-лицей, «Құралай» жалпы орта мектебі, А.Пушкин атындағы, Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектептерінің оқушылары автоматтандырылған жүйеде өзінің жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізетін болды. Ал мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін толтыратын болады.

Ата-аналар қауымы тәрбие мәселелері бойынша кеңестер алып, сондай-ақ қашықтықтан баласының сапалы орта білім алуы мен жетістіктері туралы ақпараттық хабарлама алу мүмкіндігіне ие болды.

Бұл жүйе бойынша ата-аналар өз балаларының бағалары және үйге берілген тапсырмалар туралы мәліметтерді алуға; сабаққа қатысып, дайындық сапасын бақылай алуға; алдын-ала мектеп оқиғаларымен (мысалы, алдағы вакцинациялар, спорт ойындарын, мерекелер туралы), сонымен бірге мәдени іс-шаралармен (саяхаттарға шығу, театрға бару, мұражайларды көру) танысуға; баласының мектептегі оқу үлгерімін және оның қоғамдық қызметіндегі табыстары жайлы біліп отыруға; мектеп әкімшілігімен және мұғаліммен интерактивті диалог жүргізе алуға мүмкіндік алады.

2016-2017 оқу жылына білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін қажетті оқулықтармен қамтамасыз ету мақсатында барлығы 92 млн 268 мың теңге бөлініп, 1, 4, 8, 9-сыныптың оқулықтары алынды. Қазіргі кезде ауданда 2520 педагог білім беруде. Оның ішінде жоғары білімділер – 2444 (97%), орта арнаулы білімділер – 76 (3%). Олардың 377-і (15%) жоғары біліктілік санатты, 835-і (33 %) бірінші санатты, 701-і (28 %) екінші санатты мұғалімдер. Деңгейлік курстан және жаңартылған бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған мұғалімдер саны – 1276. Оның ішінде 745-і Н.Назарбаев мектептері мен «Кембридж» университеті әзірлеген бағдарлама бойынша ІІІ деңгейлік курстан, 531-і «2016-2019 жылдарға арналған білімді дамыту бағдарламасына» сәйкес жаңартылған білім мазмұны бойынша арнайы курстан өтті.

257 рет қаралды

Пікір жазу