13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАСӨСПІРІМДЕР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫН БІЛЕ МЕ? ...

Жұма, 02 Қыркүйек 2016 12:55

 

Жасөспірімдер өзінің азаматтық құқығын жастайынан білуі тиіс.  Оңтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары №4 балалар үйінің бүлдіршіндерімен кездесті. Бұл жолы сот қызметкерлері басқосуда жастармен ашық түрде әңгіме жүргізіп, оларға заң тұрғысындағы өз құқықтарын түсіндірді.

Бүгінде аталмыш балалар үйінде 90-ға жуық жасөспірім тәрбиеленуде. Сот қызметкерлерінің айтуынша, оларға өз құқықтары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу-  өте маңызды. Өйткені,  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәрбие беру, бағыт көрсету — үлкен жауапкершілік. Әрі мемлекет қарауындағы балаларға қатысты талап та жоғары.

Ресми деректерге сүйенсек, елімізде 80 мыңнан астам жетім балалар бар екен. Қаншама мың сәби үкімет қамқорлығында өсіп, ер жетуде. Әйткенмен, он сегізге толып, кәмелеттік жасты толтырғаннан кейін ол баланың болашағы не болмақ? Жетімдер үйінен кеткеннен кейін, бірі жалданып күнделікті нанын тапса, енді біреулер қылмыс жасап, бұзақылықпен айналысады. Сондықтан да жасөспірімдер өзінің азаматтық құқығын жастайынан білуі тиіс,-дейді судьялар.

Кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстың алдын алу үшін ата-аналар және білім беру қызметкерлері жасөспірімдердің тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасауы қажет. Ол – оң эмоционалды ықпал, материалдық игілік және дербес те сенімді қарым-қатынас, пән мұғалімдері өткізетін қосымша дәрістер. Жасөспірімдердің бойын­дағы қуатын игілікті арнаға бұру үшін спорттық және техникалық сабақтар үлесін көбейтіп, қоғамдық іс-шараларға тартудың мәні зор. Олардың өз күштеріне деген сенімділіктерін нығайту үшін «табысқа жету» салдарын дамытып, зиянды әдеттердің алдын алу және теріс қылықтарымен қатар араласатын орта.сын қатаң бақылауда ұстау жақсы нәтиже береді.

Бауыржан Диқанбаевтың айтуынша, осындай жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдары кәмелеттік жасқа толмағандардың арасындағы қылмыс азайған. Кездесуден кейін судьялар балғындарға әдеттегідей тарту-таралғы жасап, оқуға қажетті түрлі заттарды сыйға тартты.

320 рет қаралды

Пікір жазу