"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«100 НАҚТЫ ҚАДАМ»: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Жұма, 02 Қыркүйек 2016 17:12

 

ОҚО Түркістанда Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сай құрылған қоғамдық кеңес отырысы өтті. Алғашқы басқосуда кеңес мүшелері өзара жұмыс жоспарын пысықтап, аудан ақсақалдарының пікіріне құлақ түрді. Қала аумағындағы кемшін тұстарды саралап, оларды реттеу жайын талқылады.

Ұлт жоспарының 97 қадамында әр ауданда арнайы қоғамдық кеңестер құрылуы керек делінген. Олар биліктің кез келген саласына араласып, оны шешу жолында қызмет ететіні де айтылған. Осыған сәйкес, Түркістанда өзін-өзі басқарудың аймақтық кеңесі, қоғамдық келісім және ақсақалдар кеңесі құрылған.
Жарылқасын  Әзіретбергенов, Түркістан қаласы бойынша қоғамдық кеңестің төрағасы: «Ең өзекті мәселе заңдылықтарды сақтау. Қарапайым халықтың Конституция негізінде құқығын сақтау болып отыр. Бұл мәселелер жалғасатын болады. Бұл жұмысты біз әрі қарай жүргізіп, қоғамдық кеңестің жағдайын жақсартамыз».

Жиынға түрлі саланың жауапты мамандарымен қатар, полиция қызметкерлері мен археологтар қатысты. Жастар тәрбиесі,  білім сапасы мен денсаулық сақтау мемемелеріндегі тәртіп жайы кеңінен әңгімеге арқау болды. Базарлар мен қала көшелеріндегі тазалық әсіресе, ақсақалдар жағын алаңдатып отырған көрінеді.

Сайлауқұл Орынбаев, Түркістан қаласының тұрғыны: «Манау тәуке хан көшесінің бойындағы лайшықтан өту мүмкін емес. соны біз бір тәртіпке келтіре алмаймыз ба? Арық қойып, су ағызып қойсақ, қайтеді? Осыны жүргізейікші біз».

Кеңесте көтерілген мәселелер міндетті түрде тексеру жүргізілуі арқылы оң шешемін табады. Алдағы уақытта кеңес мүшелері Түркістан маңайындағы ауылдар мен қала ішіндегі мөлтекаудан тұрғындарымен кездесетін болады. Шешімін күткен мәселелер енді осындай жұмыс тәртібі арқылы   шешілмек.


 

260 рет қаралды

Пікір жазу